Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет265/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Бақылауды iзгiлендiру
Ажыратып алайық: нақтама – жалпы бағыт, ал нақтамалау 
– тәжірибелік оқу-тәрбие iсiнің үдерістік құрылымды бөлiгi. 
Сауаттану және тәрбиелену, яғни қол жеткен нәтижелердi 
нақтамалау және үдерiстiң өзiндiк сапалары – сауаттылық пен 
тәрбиелiктi нақтамалау – екi түрлі мақсатта орындалады. Ал 
нақтамалаудың жалпы мақсаты – оқу-тәрбие үдерісін оның 
өнiмдiлiгiмен бiрге талдауға салып, дер мезгiлiнде анықтау 
және бағалау.
Оқушылардың бiлiм, ептiлiктерiн бақылау, бағалау 
нақтамалаудың қажеттi құрамды бөлiктерi ретiнде iске 
қосылады. Бұлар педагогикалық технологияның ежелден 
танылған бiрлiктерi. Өркениет ықпалымен пайда болған олар 
мектеп дамуымен бiрге үздiксiз жетiлiп келедi. Солай болса 
да, осы күнге дейiн баға, бағалау мәнi жөнiндегi пiкiр тартыста-
ры бiрде толастаған емес. Өз заманында бағалау формала-
рын сынға алған К.Д.Ушинский болды. Олардың кемшiлiктерiн 
сипаттай отырып,ғұлама педагог ең алдымен қолданымдағы 
тәсiлдердің баланың ақыл-ой қызметiне тұсау болатынын баса 
айтқан. Әдетте, мұғалiм бiр не бiрнеше оқушыға ғана сұрақ қою 
мүмкіндiгi бар, ал қалған оқушылар бұл уақытта қандай да мiн-
деттен азат. Ендiгiде өзіне төнер сұрақты күнi iлгерi абыржып 
күтiп, уақытын босқа өткiзедi. Ал, мұндай жағдайда оқушының 
әуесқойлық пен ынта-ықылас танытуға мұршасы да жоқ.


360
Өткен дәуiрлерде мектептiк бақылауды өзгерту ниетiмен 
қолға алынған шаралар ешқандай нәтиже бермедi, себебi бар-
ша жаңғыртулар жалғыз-ақ сұрақ төңірегiнде топтасып – мек-
тепте баға қажет пе не онсыз да жасау мүмкін бе деген жадағай 
мәселедан ары аса алмайды. 1918 жылы мамыр айында Халық 
комиссариатының “Бағаны жою” қаулысымен баға да, емтихан-
дар да жоқ етiлiп, олар орнына үлгерiмдi бақылау мен оны есеп-
ке алудың қарапайымдастырылған формалары енгiзiлдi. Осы 
мақсатпен арнайы ескеру дәптерлерi қолданымға келiп, үздiк 
не төмен оқушылардың аттары “қызыл” не “қара” тақталарға 
тiркелiнетiн болды, мектепте “социалистiк жарыстар” қанат 
жайды. Бiрақ бағасыз (сонымен бiрге – бақылаусыз) оқудан 
қандай нәтиже болсын. Сол жылдары кең таралған “бiлiм иге-
ру қуанышы”, “бiлiмге болған табиғи ұмтылыс” деп аталған 
П.Н.Блонский теориялары балалардың оқу iстерiне болған 
ықылас-ынтасына тiрек бола алмады. 
Бақылаусыз оқу мүмкін бе? Эксперимент: оқушылардың 
үш тобы қосу тестiн орындады. Бiр топ бал жұмыс барысын-
да қолдау-қуаттау алып отырды. Екiншi топтың көрген, бiлгенi 
- ұялту, кемсiту, ал үшiншi топтағы балалар өз бетiне жiберiл-
дi. Нәтиже көрсеткендей, табысты оқу iсi мақтау-мадақ болған 
жерде. Бақылаусыз қалғандары ең төмен нәтиже бердi. 
Егер бақылау мен тексеру дұрыс орындалса:
– әр оқушының бiлiм, ептiлiктерi анық көрiнедi;
– оқушылардың бiлiмдерi мен ептiлiктерiндегi қателiктер 
өз уақытында анықталады;
– оқу материалы кей бөлiктерiнің төмен игерiлу себептерi 
ашылады;
– игерiлген материал дұрыс қайталанады әрi жүйеленедi;
– жаңа материалды игеруге дайындық деңгейi нақты 
анықталады;
– ұзақ уақыт әрi жалықпай еңбектену ептiлiктерi 
қалыптасады;
– өзiндiк бақылау мен өзiндiк тексеру тәсiлдерi орынды 
игерiледi;
– оқушылар жауапкершiлiкке ынталы келедi;
– бәсекелесу дағдылары дамиды.


361
Мектеп өмiрiн демократияластыру мен гуманизациялау 
бiлiм мен ептiлiктердi бағаламау не бақыламау емес, керiсiн-
ше, оқушыны еңбектенуге ескiшiлдiктен қалған тек бағамен 
мәжбүрлеуден арылу. Оқу еңбегiне ынталандырудың жаңа 
жолдарын iздестiру, оқу мен тәрбиеде ендi ғана өз ықпалына ие 
болып келе жатқан жеке бас пайдасы принципi өзгеше бағыт-
бағдарларға бастама бередi. Нақтамалау жүйесiнде баға ынта-
ландырушы қару ретiнде жаңа сипат-сапа алады. Нақтамалау 
нәтижелерi тұлғаның өзiндiк болмысын ажырата тануға себiн 
тигiзедi, ал бұл қоғамның нарықтық бәсеке жағдайында аса 
маңызды қозғаушы күш болатыны белгiлi. Ерiктi оқу (ерiктi 
бақылау) принципiмен толыға түскен баға бұрын оқушыларды 
көбiне тұздықты, зорлап оқыту құралы болса, ендi ол өркениеттi 
қоғам адамның бедел көрсеткiшi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет