354
13-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГI НАҚТАМА
(ДИАГНОСТИКА)
Жоспар:
Нақтама мәнi мен мазмұны
Бақылауды iзгiлендiру
Оқу нәтижелерiн бағалау
Баға қою
Жетiстiктердi тестiлеу
Тәрбиелiлік нақтамалау
Тiрек-конспект сөздік
Нақтама
– оқу-тәрбие үдерiсiнің желiсi мен нәтижесi
жөнiндегi ақпараттарды алу үшiн қолданылатын тәсiл.
Нақтама мiндеттерi:
1) оқушылар дамуының барысы мен
нәтижесiн (оқушының бiлiмге дайындығы, психикалық жетi-
лу деңгейi, бiлiм жолында iлгерiлеу қарқыны) талдау; 2) оқу
үдерісi мен оның нәтижесiн (сауат көлемi мен тереңдiгi, игерiл-
гендi қолдану ептiлiгi, ойлау деңгейi, шығармашыл iс-әрекетке
қабiлетi ж.т.б.) талдау; 3) тәрбие үдерісi мен ондағы жетiстiк-
терге талдау (тәрбиелiк деңгейi, адамгершiлiк сенiм-наным
тереңдiгi мен қуаты, адамилық мiнез қалыптары) салу.
Нақтама мақсаты
– оқу тәрбие жұмыстарын, олардың
өнiмдiлiк нәтижесiмен байланыстарын дер мезгiлiнде анықтау,
бағалау және талдау.
Достарыңызбен бөлісу: