356
“Жетiскен нәтиженің өзi баланы
жұмысты жалғастырып, бұрынғыдан
да жаңа әрi күрделi iс-әркетке кiрiсуге
ынталандырады; ал мұндай табиғи
ықылас-ниеттi мақтау не мадақтау,
марапаттаумен күшейтiп жатудың
тiптi де қажетi жоқ - қапелiмде бала-
ны алған бағытынан тайдырып алуы-
мыз мүмкін”.
Л.Ф. Лесгафт
Нақтама мәнi мен мазмұны
Әр оқу және тәрбие кезеңi аяқталғаннан соң ол қалай өттi,
қандай нәтижелер бердi, қаншалықты бұл үдеріс
тиiмдi бол-
ды, ненi бiткен, ал қайсысын қайта жетiлдiру қажет екенiн бiлiп
алуға мiндеттiмiз. Мұны анықтап, бiлуде нақтама жәрдемi аса
маңызды.
Нақтама
дегенiмiз – бұл оқу-тәрбие үдерiсiнің ба-
рысы мен нәтижесi жөнiнде ақпарат алудың жалпы тәсiлдерi.
Мектептегi нақтама мiндеттерi:
–
оқушының даму үдерісi мен нәтижесiне талдау беру (мек-
теп оқуына дайындығы, психикалық пiсiп жетiлуi мен сана-
сезiм жетiстiктерi деңгейi ж.т.б.);
–
оқу үдерісi мен нәтижелерiне талдау салу (сауаттану көлемi
мен тереңдiгi, игерiлген бiлiм, дағдыларды қолдана бiлуi,
негiзгi ойлау тәсiлдерiнің қалыптасу деңгейi, шығармашыл
iс-әрекет жолдарын пайдалана бiлуi ж.т.б.);
–
тәрбие үдерісi мен жетiстiктерiне талдау беру (тәрбиелiк
деңгейi, адамгершiлiк сенiм-нанымдар тереңдiгi мен қуаты,
адамгершiлiк мiнез-құлық бiтiстерiнің қалыптасу деңгейi
ж.т.б.).
Нелiктен
бүгiнгi
таңда
бақылаудан
гөрi
нақтама
педагогикалық қауым әңгімесiне көбiрек арқау бола бастады.
Дәстүрлi бақылау әдістерiн қайта қарастырудың себебi неде?
Мұның бәрi оқу-тәрбие үдерісінің гуманизациялық мәнiнің арта
түсуiмен байланысты болып отыр. Егер әкiмшiл педагогика
жағдайларында талдау, бақылау және бағалау нысаны
Достарыңызбен бөлісу: