жеке рейтингiн
анықтаудың
тиiмдi тәсiлiне айналып отыр.
Бақылауға қойылатын
талаптар:
шынайлылық; даралық;
тұрақты қайталап бару; жәриялылық; жан-жақты тексеру; жiк-
темелiлiк, форма көп түрлілiгi; әдептiлiгi.
Қазіргі заман бастауыш мектебiнде қолданылып жүрген
бақылау түрлері, әдістерi мен формалары:
– оқушылар жұмысын бақылау;
– ауызекi жеке сұрақ;
– бүкiл сыныпқа (фронталь) сұрақ қою;
– сынып оқушыларын топқа бөлiп сұрау;
– жазба бақылау жұмысы;
– аралас (тығыздалған) бақылау;
– тестiк бақылау;
– бағдарламаластырылған бақылау;
– тәжірибелік бақылау;
– өзiндiк бақылау.
Бұлардың бәрi үдеріс барысы мен оның нәтижелерi жөнiнде
мүмкін болғанша тыңғылықты дәйектер алу мақсатында
бiрiгiмдi пайдаланылады.
Нәтижеде, әмiршiл не гуманистiк мектептердегi бақылаудың
мiндетi әрқилы болатынын, сонымен бiрге олардың iске асу жол-
дары да өзгеше бағытта екенiн, бiр-бiрiне ұқсамас тәсiлдермен
атқарылатынын түсiну – жаңарған заман мұғалiмiнің парызы.
362
Оқушы үлгерiмiн бақылауға байланысты мәселелердi
қарастырайық. Бүгiнгi теориялық “баға”, “бақылау”, “есепке
алу” және басқа да олармен сабақтас ұғымдарға түсiнiктеме
беруде оқулықтардың да, мамандардың да өзара пiкiр келiсiмi
жоқ.
Бұлардың бәрi бiлiм және ептiлiктер айқындау, өлшестiру
және бағалауды аңдатушы ортақ тектiк ұғым “бақылау”
төңірегiнде бiрiгедi. Айқындау мен өлшемге келтiру – тексеру деп
аталады. Осыдан
тексеру
бақылаудың құрамды бөлiгi, оның
негiзгi дидактикалық мiндетi – мұғалiм мен оқушы арасындағы
керi байланысты қамтамасыз ету, оқу материалының игерiлу
дәрежесi жөнiнде шынайы ақпарат алуда педагогке жәрдем
беру, бiлiмдегi кемшiлiктер мен олқылықтарды дер мезгiлiнде
ашып, нақтылау. Ал бақылаудың жалпы қасиеттерiне байла-
нысты мiндеттер төмендегiдей: қадағалау, оқуға ынталандыру,
тәрбиелi болуға ықыластандыру, дамуға бағыттау, өзгерiстерге
сеп-түрткі болу. Тексеру мақсаты – оқушылар сауатының
деңгейi мен сапасын ғана анықтау емес, сонымен бiрге оның
еңбегiнің көлемiн де болжастыру. Тексерумен қатар жүретін
бақылау бiрлiгi – бұл бағалау (үдеріс) және тексеру бағасы
(нәтиже көрсеткiшi). Үлгерiм табельдерiнде, сынып журналда-
рында, оқушы күнделiктерiнде баға сандық күйде өрнектеледi:
“2”, “3”, “4”, “5”.
Үлгерiм бағалау негiзi – бақылау нәтижесi. Бұл орайда
оқушылар жұмыстарының сапалық және сандық көрсеткiштерi
ескертiледi. Сандық деректер ұқпай не пайызбен өрнектелiп,
ал жұмыстардың сапалық тарапы “жақсы”, “қанағаттанарлық”
сынды сөздермен сипатталады. Әрқандай бағам-пiкiрге алдын
ала келiсiлген ұпай тура келедi. Мысалы, “үздiк” деген пiкiр-
ге “5” ұпай сай. Есте ұстайтын аса маңызды нәрсе – бақылау
нәтижесiндегi баға өлшеп, есептеп шығарылған жай сан емес,
ол жұмысқа берiлген адамның сана-сезiмiне қандай да ықпал
әсер ететiн мән, бағам – көзқарас, сындарлы ой. Сондықтан
бағалау ұпайларын қалай болса солай, терең мағынаға негiз-
делмей, қоя салуға болмайды.
Бағалау қызметi де тек сауаттылық деңгейiн көрсетумен
ғана шектелмейдi. Баға – педагог қолындағы оқуға ынта-
ландырушы, ұнамды сеп-түрткілердi оятушы, тұлғаға ықпал
363
жасаудың жалғыз-ақ құралы. Шынайы бағалау әрекетiнен
оқушыларда сол бағаға сәйкес жеке басының құнын тану
сезiмi, өз табыстарына сындарлы көзқарас қалыптасады. Осы-
дан, бағаның маңыздылығы мен оның көп тарапты қызметi
шәкiрт оқу iс-әрекеттерiнің барша қырларын танып, бiлу мен
оларды анықтауға мүмкіндiк беретiн бақылау-бағалау әдіс-
тәсiлдерiнің әмбебап, жаңа түрлерін iздестiрудi талап етедi.
Осы тұрғыдан, бүгiнгi бiлiм бағалау жүйесiн қайта қарастырып,
оның нақтамалық мәндiлiгi мен шынайлылығын көтеру қажет.
Үлгерiмдi нақтамалау мен бақылаудың маңызды принцип-
терi – шынайылылық, жүйелiлiк, көрнекiлiк.
Достарыңызбен бөлісу: |