мазмұндық
және
бағалау
белгiлерi. Алғашқылары – зерттелетiн
сапа көрсеткiштерiне сәйкестiктi бiлдiредi де, екiншiлерi –
нақтамаланған сапалардың көрiну қарқындылығын өрнектеу
375
мүмкіндiгiн бередi. Тұлға не сынып тәрбиелiлiгiне байланысты
ақырғы нәтиженi нақтамалау үшiн
жалпы өлшем белгiлер,
бөлектенген қасиет, бiтiс және сапаларды қалыптастыру мен
талдауға арналған
жекеленген өлшем белгiлер
қабылданған.
Жалпы өлшемдер мақсатқа қарай қолданылады, ал жекелен-
ген өлшемдер – тәрбие үдерісiнің нақты мiндеттерiне сәйкес
iске асырылады. Тәрбиелiлiк өлшемдерi өз бағыт-бағдарына,
тәсiлi мен қолданым орнына сәйкес екi топқа бөлiнедi: 1) тәрбие
нәтижесiнің сырт көрiнiсiне, яғни пiкiрге, бағамға, тұлға мiнез-
құлығына, әрекетiне байланысты және 2) тәрбиешi көзінен
таса құбылыстармен – сеп-түрткілермен, наным-сенiмдермен,
жоспарлаумен, бағыт – көзқарастармен орайлас.
Нақтамалаудың
тәжірибелік
әдістерiнің
жәрдемiмен
тәрбиеленушiлердің мiнез-құлық қалыптары мен ережелерi
жөнiндегi бiлiктерi, тәрбиешiнi қызықтырған басқа да
мәселелер бойынша пiкiр, түсiнiктерi, бағамдары зерттеледi.
Көбiне тәжiрибеде келесiдей тiке, нақты сұрақтар қойылып,
бала пайымы анықталып жүр: “Адалдық деген не?”,
“Қайырымдылықтың қандай қажетi бар?”, “Қызғаншақтық зияны
қаншама?”, “Сараңның аты озбас, – деп неге айтылады”, “Қорқу
ұнамды қасиет пе?”. Осы сұрақтарға берiлген жауаптардан
тәрбиешi де, тәрбиеленушiнің өзi де көптеген сапа-қасиеттердi
танып, олардың мәнiн аңғаруына болады. Тәрбиеленушiлердің
қандай да оқиғаларға, деректерге мiнездiк бiтiстер мен қылық-
әрекеттерге болған қатынасын ауызекi не жазба формасында
келтiрген арнайы сұрақтар арқылы байқау мүмкін, мысалы
“Мейiрбандық не қатыгездiктің қайсысын қалар едің?”,
“Батылдық пен өжеттiктi айыра бiлесің бе?”, т.с.с. Мұндай
сұрақтар еркiн, дәйектi жауаптарға негiзделген ашық немесе
баламалы жауаптар iшiнен таңдауға негiзделген – жабық
болуы мүмкін. Бағамдау пiкiрлерiн нақтамалау үшiн белгiлi
тақырыптарға арналған шығармалар жаздыруға болады:
“Менің түсiнiгiмде тәртiптiлiк…”, “Кiшiпейiлдiлiк әрi мен”,
т.с.с Осыларға сәйкес жұмыстарды 3-4 сынып оқушыларына
тапсырған жөн. Бұл сынды тапсырмаларды орындау арқылы
балалардың iшкi жан дүниесiн, күмәндарын, толғаныстары
мен ой-талғамдарын танып, бiлу мүмкін.
376
Тұлғаның iшкi жан сезiмi оның мiнезiнде, күнделiктi
қылығында
көрiнедi.
Қазіргі
күнде
мiнез-құлықты
нақтамалаудың өте тиiмдi жолы –
Достарыңызбен бөлісу: |