Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет272/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тақырыпты бақылау. 
Тақырыпты тестiк тапсырмаларды 
түзу көп әрi тыңғылықты еңбектi керек етедi, себебi бұл бақылау 
жеке элементтердi емес, ал сол элементтердi бiрiктiрушi бүкiл 
жүйенi тексеруге арналады. 
Мұнда тақырып ұғымдары арасындағы байланыстар-
ды анықтауға бағытталған сұрақтарды топтастырушы 
тапсырмаларға үлкен мән берiледi. Тақырыпты тестiк бақылау 
үшiн педагогикалық тестiлеу жүйесiн iске асырушы арнайы 
мекеме мамандары дайындаған дайын тест тапсырмаларын 
пайдаланған жөн.
Қорытынды бақылау
– әр тоқсан не оқу жылы соңында 
қайталау жұмыстарымен бiрге орындалады. Осы кезеңде 
барша өтiлген оқу материалдары бiр жүйеге келтiрiледi. Мек-
теп тәжірибесінде үлгерiм тестiлерiнің әрқилы баламалары 
қолданылуда. Оларға қойылатын жалғыз-ақ талап – мемлекет-
тiк бiлiм стандарты деңгейiне сай келуi.
Қорытынды тест сипатында жиi қолданылатын сынақ түрі – 
жазба бақылау
жұмысы. Бұл жұмыс кiшi мектеп оқушыларының 
әл-қуат деңгейiне сай, көлемi және күрделiлiгi жағынан тақырып 
игеруi барысындағы оқушылар орындаған жаттығулардан ар-
тып кетпеуi қажет. Бұл бақылаудағы маңызды шарт – оқушы 
қателiктерiн түзетудің әртүрлі тәсiлдерiн пайдалануға үлкен 
мән берiлдi: қате жазылған әрiп, сөз толығымен асты сызы-
лып көрсетiлуi тиiс, жұмыс соңында қателердің жалпы саны 
шығарылып, дұрыс жазу үлгiлерi берiлуi керек, әрбiр жiберiл-
ген қате өз ерекшелiгiне сай, жiктемелi түзелгенi жөн. Бақылау 
жұмысы қай мақсатта орындалмасын, онда орын алған 
қателердің бәрi мұғалiм басшылығында жан-жақты талдауға 
алынуы мiндеттi. Егер қателердi талдау жұмысы әр оқушымен 
жеке-дара жүргізiлсе, тiптi жақсы.
Үлгерiм тестiлерi тәжірибеге кеңінен енуде. Бұл күнде 
тест жәрдемiмен өткiзiлетiн қысқа мерзiмдi сұрақ-жауап 


373
сынақтарын мұғалiмдер көптеп пайдалануда. Мұның себебi 
– тексеру уақытында бүкiл сынып толығымен оқу жұмысына 
тартылады, бiрнеше минуттың iшiнде барша оқушылардың 
үлгерiмi жөнiнде толық ақпарат алуға болады. Осыдан, оқушы 
әр сабаққа мұқият дайындалып, жүйелi еңбектенуге үйренедi. 
Бұл – бiлiм игеру тиiмдiлiгi мен игерiлген бiлiмнің бекуiне кепiл. 
Тексеру барысында ең алдымен бiлiм олқылықтары ашылады, 
ал мұны сезген оқушы өз бетiнше дайындалып, оқуға тырыса-
ды. Үлгермеушiлiктің алдын алуға байланысты оқушылармен 
жүргізілетін жеке-дара және жiктемелi оқу жұмыстары да осы 
ағымды тест бақылауларының нәтижелерiне негiзделедi.
Дегенмен, тестiлеу әдісiмен оқу-үлгерiмге тиiстi барша си-
паттамаларды бiрдей ала беру мүмкін емес. Мысалы, жау-
апты нақты мысалдармен нақтылау ептiлiгi, деректердi тану, 
бiлу; өз ойыңды қисынды және дәйектi өрнектей бiлу – тестiк 
нақтамаға келмедi. Сондықтан да тест бақылауларының тексе-
ру, сынаудың басқа да форма және әдістерiмен ұштастырыла 
өткiзiлгенi тиiмдi. Өз оқушыларынан жазбаша орындалған тест 
жауаптарына ауызекi негiздеме талап еткен педагогтардың 
әрекетi өте орынды да пайдалы.
Сонымен, бастауыш мектеп тәжiрибесiнде кең тарай 
бастаған үлгерiм тестiлерi әлемдiк педагогика таныған сенiмдi 
нақтамалау әдісi. Егер елiмiзде педагогика дамуы әлемдiк 
бағытта жүріп отыратын болса, бала бақшадан бастап барша 
балалар жүйелi тестiк нақтамалаудан өтетiн болады. Баста-
уыш мектепке арналып тест жаттығулар жинағы шығарылуда. 
Ал кей тест сұрақтарын педагогикалық талаптарды сақтаумен 
мұғалiмдердің өздерi дайындауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет