Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет270/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жетiстiктердi тестiлеу
Кейiнгi уақыттарда кiшi мектепте кең қолданымға түскен 
шынайы бақылау әдістерiнің бiрi – тестiлеу. “Тест” ағылшын 
сөзі, сынақ, тексеру дегендi аңдатады. 
Үлгерiм тестi
– бұл 
бағдарламалық оқу элементтерiнің игерiлу деңгейiн анықтауға 
бағышталған тапсырмалар жиынтығы. Соңғы кездерi бұл тестi-
леу тәсiлiн 
жетiстiктер тестi
деп атау қабылданған, себебi 
олар шәкiрттердің оқуы мен тәрбиесiндегi оңды жетiсiктердің 
шынайы деңгейiн көрсетедi.


370
Дұрыс құрастырылған жетiстiк тестерi бiрнеше талаптарға 
сай болуы қажет. Олар арасында аса маңыздылары: көп уақыт 
сарп етiлмеуi; бiртектi түсiндiрiлуi; баламалы жауаптардың 
болмауы; қысқа жауап болуы; ақпараттың мәндi әрi маңызды 
келуi; икемдi математикалық өңделуi; кең қолданымды болуы.
Мектеп тестерi – тұлға дамуы мен қалыптасуының жан-
жақты қырларын нақтамалау үшiн жүргізілетін психологиялық 
– педагогикалық көптеген сынақ-бақылаулардың бiр түрі 
ғана. Бұл тұрғыдан жетiстiк тестiлерi келесiдей топтарға 
ажыралады:
1. Жалпы ақыл-ой қабiлеттерi мен сол қабiлеттердің дамуын 
тексеруге арналған тестер.
2. Арнайы қабiлеттер тестерi.
3. Сауаттылық, үлгерiм, тәрбиелiлiк, жетiстiк тестерi.
4. Жеке сапаларды (ес, ойлау, мiнез ж.т.б.) анықтау тестерi.
5. Тәрбиелiлiк (жалпы адамилық, инабаттылық, әлеуметiк 
және т.б.) деңгейiн анықтау тестерi.
Тестер бойынша тиiмдi нәтижелер және сенiмдi 
қорытындылар олардың баршасын дұрыс бiрлiктi қолдана 
бiлуден туындайды. Осыдан тестiк сынақтар әрдайым кешен-
ді сипатта жүреді. Мысалы, тек үлгерiм тестiлерiнің негiзiнде 
оқушылардың дамуы деңгейi жөнiнде жалпы қорытынды жасау 
үлкен бiлместiк.
Бүгiнгi таңда бастауыш мектеп үшiн тест жинақтары бас-
падан шығарылуда. Солай да болса, нақты талаптар, шарт-
тар мен жағдайларға орайластырылған тестердi дайындау 
мұғалiмнің мiндетi. Тестiк бақылау материалдарын дайындау-
да мұғалiм келесiдей ережелердi ұстанғаны жөн:
– тек дұрыс жауаптарды енгiзу, қателiгiн тест мезетiнде 
оқушылар түсiндiрiп бере алмайтын жауаптардан сақтану;
– дұрыс болмаған жауаптарды жиi кездесетiн (типтiк) 
қателiктерге негiздеп, дұрыстыққа сай сияқты етiп құрастыру;
– дұрыс 
жауаптарды 
басқа 
жауаптар 
арасында 
кездейсоқтық тәртiпте беру;
– сұрақтардың 
оқулықта 
келтiрiлген 
мәтіндерін 
қайталамауы;
– бiр сұрақтың жауабы басқа сұрақтар жауабын алға тар-
тып тұрмауы;
– сұрақтардың жазатайым “мүдірту” ниетiмен түзiлмеуi.


371
Үлгерiм және тәрбиелiлiк, яғни жетiстiк тестерi педагогикалық 
үдерiстің барша кезеңдерiнде қолданылуы мүмкін. Олардың 
жәрдемiмен мұғалiм бастапқы, ағымды, тақырыптық және 
қорытындылау сынақтарын жоғары тиiмдiлiкпен өткiзе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет