Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет271/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Бастапқы бақылау.
Тақырып, бөлiм не бүкiл пән игеру-
дегi табысты нәтиже өткен кезеңдерде меңгерiлген бiлiм, еп-
тiлiк деңгейлерiне тәуелдi болатыны белгiлi. Егер бұл жөнiнде 
мұғалiм толық ақпаратқа ие болмаса, оның бұдан былайғы оқу 
үдерісін дұрыс жалғастыруы екi – талай. Қажеттi мәлiметтердi 
педагог бастау бiлiм деңгейiн бөле тану үшiн жүргізілетін кiрiс-
пе (пропедевтикалық) тестiлеу әдісiмен жинақтайды. Осы жол-
мен нақты мерзiмге дейiнгi жетiстiктер деңгейiн де анықтайды. 
Бастау деңгейi мен жетiлген үлгерiм деңгейiн салыстырудан 
ептiлiк және дағдылардың қалыптасу дәрежесi, бiлiм “өсiмi” 
өлшестiрiледi, үдеріс тиiмдiлiгi талданып, оқушы жетiстiгiне 
қосқан педагог “үлесi” жөнiнде қорытынды жасалады.
Ағымдағы бақылау
– дидактикалық үдерiстi нақтамалау, 
бөлектенген 
кезеңдерде 
алынған 
нақты 
нәтижелердi 
жобаланған көрсеткiштермен салыстыру үшiн жүргізіледi. 
Ағымдағы бақылау оқу еңбегiне түрткі берiп, материал игеру-
де кезiккен олқылықтардың орнын толтыруға жәрдемдеседi. 
Әдетте, ағымдағы бақылау ауызекi сұрақ негiзiнде iске асы-
рылады. Мұндай сұрақтар тығыздалған, фронтальды, маг-
нитофонды, т.б. формаларда жиi қолданылуы мүмкін. Тестiк 
бақылауды пайдалануды да естен шығармаған жөн. Ағымды 
бақылау тапсырмалары (саны 6-8 ден аспайды) кейiнгi 2-3 
сабақтарда игерiлген бiлiм, ептiлiктердің маңызды тұстарын 
қамтуы тиiс. Тестi орындауға бөлiнетiн уақыт 5-8 минутан ас-
пауы тиiс. Мұндай тестердi кейбiр педагогтар әр екi сабақтан 
соң өткiзгендi жөн көредi, бiрақ қайткен күнде де нақты ерек-
шелiктер мен қажеттiктердi ескерген дұрыс. Жұмыс соңында 
жiберiлген қателiктер мiндеттi түрде талдануы қажет. Тек-
серу, талдауды жеделдету үшiн жауап үлгiлерi берiледi. Әр 
оқушы өз қателерiнің төркiнiн тануы аса маңызды. Егер сынақ 
автоматтасқан қондырғылар (ЭЕМ, тренажер, перфокарталар 
ж.т.б.) жәрдемiмен өткiзiлетiн болса, дұрыс жауаптарын жаттап 
алу мүмкіндiктерiн шектеу қажет. 


372
Бастауыш мектепте оқушы жеке жауаптарының көптеген ар-
найы түрлері пайдаланылады: тірек үлестірмелер, түрлі түстi 
– белгілер, сұлба бойынша жауаптар, тiрек белгілерді қолдану, 
жұптасқан не топтасқан жауаптар, бағдарламаластырылған 
бақылау, түсiнiктемелi басқару, планшет, ақпаратты сызғыш 
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет