Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет275/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

тәрбиелiлiк шарт-
жағдайлар әдісi.
Бұл әдіспен екi бiрдей мiндеттi атқаруға 
болады: 1) көзделген сапалардың даму деңгейiн нақтамалау; 
2) сол сапаларды тәрбиелеу. 
Тәрбиелiк шарт-жағдайлар
– бұл табиғи не арнайы түзiлген жағдай. Осы жағдайға түскен 
тәрбиеленушi талапқа сәйкес әрекетке келуге мәжбүр болады 
да өз қылығында белгiлi сапалардың қалыптасып жатқанын, 
не қалыптаспағанын байқайды. Күнделiктi өмiр, соның iшiнде 
сабақтағы, көшедегi, қоғамдық автокөлiктердегi ж.т.б. бәрi де 
– баланың араласып жүрген табиғи жағдайлары. Ал арнайы 
түзiлген шарттар тәрбиеленушi өмiрiнің аса маңызды тарапта-
рына орайлас ұйымдастырылады, мысалы, мiндеттердi, тапсы-
рыстарды, сыйлықтар мен наградаларды бөлiстiру, жеке және 
қоғамдық мүдделер арасында таңдау жасау ж.т.б. Мұндайда 
адамның жан сезiмдiк бағыт-бағдары ерiксiз көрiнiс бере-
тiнi белгiлi психологиялық фактор. Жасанды педагогикалық 
жағдайлардың кей кездерi дау-даймалы болатынын естен 
шығармаған жөн, сондықтан да осы сынды нақтамалауды 
басқарымды қолдан жiберiп алмай, өте мұқият педагогикалық 
қадамдар жасауға үйрену қажет.
Соңғы он жылдықтарда педагогикалық тәжiрибе 
мәселелi 
тәрбиелiк жағдайларын көптеп қолдануда. Оның мәнi: жасан-
ды шарттар түзiледi, оқушы оны шешудің жолдарын iздестiредi, 
шәкiрттің шешiм табудағы әрекеттерiн сынай отырып, тәрбиешi 
оның тәрбиелiлiк деңгейiн анықтайды, себебi шешiм жолы 
баланың қай деңгейде екенiнен ақпарат бередi. Жағдайлардың 
келесiдей түрлері ажыратылған: 1) тексеру; 2) тәрбиелеушi; 3) 
бақылау; 4) бекiту; 5) тәрбиешi болжастырмаған, бiрақ жәрдемi 
бар; 6) тәрбиешi болжастырмаған кедергiлi не зиянды.
Мәселелi жағдай бүкiл сынып үшiн де, жеке оқушы үшiн 
де түзiлуi ықтимал. Бiрақ қай жағдайда да одан келер 
ұнамды нәтиже шешiлуi қажет мiндеттердің тәрбиеленушiлер 
мүдделерiне сәйкес келсе ғана нәтиже бередi.
Нақтама нәтижелерiнің хаттамасы әртүрлі формада 
жүргізіледi. Бұл үшiн көбiне алты ұпайлы шкала қолданылады. 
Онда үш ұнамды баға (+1, +2, +3) моральды тәрбиелiк 


377
дәрежесiн танытса, үш керi баға (-1, -2, -3) моральдық 
тәрбиесiздiк деңгейiн көрсетедi. Нақтамалау барысында 
мұғалiм моральға сай тәрбиелiлiктi келесiдей бағалайды:
+3 
(моральға 
сәйкес 
әрекет 
жасауға 
дайындық 
тұрақтылығы);
+2 (оң әрекет-қылық жасауға ұмтылыс);
+1 (оң әрекет - қылық жасау қажеттiгiн түсiну);
0- бейтараптық;
– 1 (болымсыз әрекеттерге дайын тұру);
– 2 (келеңсiз әрекеттер жасауға ұмтылыс);
– 3 (қоғамдық моральға қарсы мiнез-құлық).
Еске алатын жәйт, тәрбиелiлiктi бағалау негiзiне баланың 
жеке сапалары емес, оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет