Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Львовтық “бауырластар мектебiнің”



Pdf көрінісі
бет283/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Львовтық “бауырластар мектебiнің” 
1586 жылғы жарғысында былай деп жазылыпты: “Бұл мек-
теп мұғалiмi инабатты, ақылды, кiшiпейiл дана, ұстамды, 
араққор емес, зинакер емес, пайдакүнем ұры емес, көрiпкел 
сәуегей емес, бөспе сөзді емес, жамандықты қолдаушы 
емес, бiрақ жақсылық жасауға асыққан, бар тұрғыдан ождан-
ды болып, оқушылары да оған ұқсасын?” ХVIII ғасырдың 
алғашқы кезеңiнде-ақ осы күнге дейiн өз маңызын жоймаған 
ауқымды да нақты мұғалiмге қаратылған талаптар белгiлен-
ген. Я.А.Коменский тұжырымынша, мұғалiмнің басты пары-
зы - өзiнің жоғары инабаттылығымен, адамдарға деген мей-
iрмен, бiлiм мен еңбеккерлiгi және басқа да сапаларымен өз 
оқушыларына өрнек болып, оларды адамилық қасиеттерге 
баулуы тиiс. 
Мұғалiм тағам мен киiмде – қарапайым, қызметте – сергек 
әрi еңбеккер, мiнезде – кiшiпейiл және әдептi, сөз саптауда 
– мәнерлi де ұстамдылық көрсете бiлуi шарт. Сонымен бiрге 
жеке қатынастар мен қоғамдық өмiрде байсалды да байып-
ты болғаны жөн. Ерiншектiк, енжарлық, әрекетсiздiк – мұғалiм 
кәсiбiмен тiптi де сиыспайтын келеңсiз қасиеттер. Мұндай 
ақаулықтар оқушыларыңызда болмасын тiлесеңiз, олардан 
алдымен өзіңiз құтылып алыңыз. Кiмде-кiм ең жоғары мiндет 
– болашақ тәрбиесiн қолына алатын болса, ол күнiменгi сер-
гектiгiн бiрде жоғалтпай, оқушы дәптерiн тексеруге қатысты 
ауыр еңбектi басынан кешiруге дайын болуы, той-тамаша, сән-
салтанат және басқа “рух жалаңаштаушы” нәрселерден аулақ 
жүруi қажет.
Я.А.Коменский мұғалiмдерден балаға жылы лебiзбен, мей-
iрлi қатынас жасап, қаталдығымен оны өзінен қашықтатып ал-
май, керiсiнше, аталарша бауырына тартып, мәпелеудi талап 


387
еткен. Балаларды жеңiл әрi қуанышпен оқыту керек: “сонда 
ғана ғылым нәрi күштеп, зорламай-ақ, жан қалауы және шын 
көңілмен оның бойына енедi”. 
К.Д.Ушинский мұғалiмдердi “жас жанға жылу берген шуақты 
күнге” теңейдi. Ұстаздардың Ұстазы болған ұлы педагог халық 
мұғалiмдерiне жоғары талаптар қойды. Терең де жан-жақты 
бiлiмсiз мұғалiм болуы мүмкін емес, – деп тұжырымдады ол. 
Бiрақ тек бiлiм әлi жеткiлiксiз. Ол берiк әрi мықты сенiм-наным-
мен байланысты болуы қажет. Бұл сапаларсыз нағыз мұғалiм 
болып жетiлу қиын: “… адам тәрбиесiнің даңғыл жолы – бұл 
сенiм, ал сенiмге тек сенiммен ғана ықпал жасау мүмкін”. 
Әрқандай оқу бағдарламасы, қалаған әдістеме мейлiнше 
жоғары дәрежеде түзiлгенiмен, тәрбиешi сенiмiне өтпесе, 
қауқарсыз әрiптер тiзбегiне айналады.
Мұғалiмге қойылатын алғашқы талап – педагогикалық 
қабiлеттердің болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет