Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


жобасын (проект) түзуге кiрiседi.  Нақтама, болжам, жоба оқу-тәрбие iстерiнің  жоспарын



Pdf көрінісі
бет281/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

жобасын
(проект) түзуге кiрiседi. 
Нақтама, болжам, жоба оқу-тәрбие iстерiнің 
жоспарын
жасауға негiз бередi. Жоспар түзумен педагогикалық үдерiстiң 
дайындық кезеңi аяқталады. Өзiн қадiрлей бiлген мұғалiм бар-
ша тарапы түбегейлi ойластырылған, нақты да анық, толық 
қамдастырылған жоспарсыз сыныпқа енбейдi.
Сонымен, нақталау, болжастыру, жобалау мен жоспарлау 
– оқу-тәрбие iсiнің әр жаңа (циклi) айналымының дайындық 
кезеңiнде мұғалiмнің орындайтын мiндеттi педагогикалық 
қызметтерi.
Келесi – 
ниеттердi iске асыру
– кезеңiнде мұғалiм 
ақпараттық, ұйымдастыру, бағалау және сараптау, бақылау мен 
реттеу-түзету мiндеттерiн атқарады. Мұғалiмнің 
ұйымдастыру 
қызметi – балаларды белгiленген жұмысқа тартып, көзделген 
мақсатқа жету жолында оларды өзiмен бiрлiкте орындалатын 
iске жұмылдыру. Оқушылардың басты 
ақпарат көзi
– мұғалiм. 
Ол бәрiн бiледi, ол өз кәсiбiне байланысты пәндер – педагогика, 
психология және әдістеменi жоғары деңгейде жете меңгерген. 
Пәрмендi ынталандыру жағдаяттарын жасауда мұғалiмге 


385
бақылау, бағалау және реттеу-түзету
қызметтерi аса 
маңызды. Осы педагогикалық мiндеттердің дұрыс орын-
далуынан оқу үдерісi дамиды, жоспарланған өзгерiстер өз 
деңгейiнде iске асып жатады. Мұғалiм бәрiне де қанық: шу-шу-
леу немесе мәжбүрлеумен шынайы оқу табысына жету мүмкін 
емес. Бақылау сала отырып сәтсiздiктер, олқылықтар мен 
кемшiлiктер себептерiн ашамыз. Бұдан жинақталған ақпарат 
педагогикалық үдерiстi 
ретке келтiрiп,
қажет болса 
түзетiп,
тиiмдi шараларды дер мезетiнде қолданып, ынталандырушы 
сеп-түрткілердi пайдалануға мүмкіндiк ашады. Педагогикалық 
айналымның қорытындылау кезеңiнде мұғалiм ауқымды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет