392
болуы қажет. Мұғалiм барлық уақытта да елiктеу үлгiсi болған.
Оған қарап жас әулет өмiрлiк бағыты мен iс-әрекет бағдарын
таңдаған.
Бастауыш мектепте мұғалiм – дүниеге саналы көзiн ендi
ашқан оқушы үшiн “ұқсап бағар” мұрат (идеал), оның тала-
бы бұлжытпас заң. Кейде ата-насының дәйектi сөзін де мiсе
тұтпай, кiшкене оқушының “апайым (ағайым) осылай iстейсің
дедi” – деп, тапжылмай тұрып алатыны осыдан. Бiрақ мұғалiм
тұлғасын балалықпен әсiрелеу ұзаққа бармай, бiрте-бiрте кеми
бастайды.
Демократиялық қоғамның гуманистiк мектебiн құру жолын-
да үлкен кедергi болып тұрған психологиялық-педагогикалық
құбылыс –
дидактогения
– оқушыға деген аяусыз қаталдық
пен безбүйректiк. Сыныпта қалыптасқан мұғалiмнің әмiршiл
қатал қатынасынан оқушы сөйлеймiн десе, сөзін таба алмай,
тақтаға шықса қалтырап, дiрiлдеп үлкен психикалық күйзелiс-
тен қиналып, жүйке сырқаттарына шалдығатыны осыдан. Мек-
тептегi дидактогения, оның салдарынан болатын оқушылардың
дидактогения сырқаты - өткен дәуiрде қоғамымызда орын
алған келеңсiз жәйттердің қалдығы. Бұдан арылып, адамилық
қарым-қатынасты iзгiлiк деңгейiне жеткiзу – бүгiнгi мұғалiмнің
өсiп келе жатқан әулет, бүкiл қоғам алдындағы парызы да
қарызы.
Заманымыздың озық педагогы Ш.Амонашвили: “… Мұғалiм!
Егер сен өз тәрбие әдістемеңдi гуманистiк бастаумен жетiлдiрiп,
жаңалаймын десең, өзіңнің бiр заманда оқушы болғаныңды
ұмытпа, осыдан, өз шәкiрттеріңдi басыңнан өткен азаптарға
кезiктiре көрме” – деген ұстаздық ұлағатты жан айқайына құлақ
түріңiз.
Мұғалiм кәсiбiндегiдей адамға қойылатын талап басқа бiрде
бiр кәсiпке тән емес. Байқасақ, сыныпқа еркiн кiрiп, “Балалар,
сәлем! Мен сiздердің мұғалiміңiзбiн!” – деп тартынбастан айту
үшiн өз тәрбиемiзге орай талай келелi iстердi орындауымыз
қажет екенi көрiнiп-ақ тұр.
Достарыңызбен бөлісу: