Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


өз зейiнi мен балалар зейiнiн басқара бiлуi



Pdf көрінісі
бет292/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

өз зейiнi мен балалар зейiнiн басқара бiлуi.
Шоғырлы топ-
тарда көп санды да санқилы оқу iстерiн орындауда ешбiр 
нәрсе оның назарынан тыс қалмауы тиiс. Аса маңызды жәйт – 


395
оқушыны әрекет-қылығының сырттай белгiлерi бойынша оның 
жан дүниелiк қалпын анықтап бiлу. 
Бұл педагогикалық 
әрекеттердi таңдауда ескерiлетiн мұғалiмнің басты кәсiби 
сапаларының бiрi: педагогикалық әдеп негiзi және тәлiм-тәрбие 
қызметiнің тұғыры.
Iс-әрекет қарқынын сезе бiлу де – педагог үшiн маңызды 
сапа. Оқу-оқыту, жалпы тәрбиелеу барысындағы мұғалiм 
қателiктерiнің көбi өз әрекет қарқындылығы мен педагогикалық 
шешiмдерiн барластырып, өлшестiре алмауынан туындайды: 
не асығады, не кешiгедi, ал бұл қай жағдайда да педагогикалық 
ықпалдың тиiмдiлiгiн кемiтедi.
Педагогикалық техника ептiлiктерi мен дағдыларының 
үлкен тобы тәрбиешiнің оқушылар тарапынан болған қандай 
да қылық-әрекеттерге немесе оларда байқалған моральдық 
қасиеттерге деген өз субъектив бағасын 
әсерлi бiлдiре алу 
тәсiлдерiнен
құралады. Педагог еш уақытта бейтараптыққа 
салынуы мүмкін емес. Ол өз шәкiрттерiнің өнегелi iстерiне шат-
танады, жарамсыз қылықтарынан күйзеледi. Оның толғанысы 
бала әрекетiнің шынайы бағасы. Бұл тұрғыдан, педагог шебер-
лiгi қандай да бiр қырымен актерлiк шеберлiкпен ұштасады. 
Педагогтың балаға қаратылған сөзі өтiнiш те, мiнеу де, қолдау 
да, бұйрық та болуы ықтимал. Педагог кез келген уақытта тек 
өз рөлiн “ойнайды”, сондағы мақсаты бiреу-ақ - тәрбиеленушiге 
дұрыс ықпал жасау.
Педагогикалық ортақтасу
– балалармен байланыс-қатынас 
түзу құралы. Осыдан оны мұғалiм мен оқушы арасындағы 
сенiмдi байланыс орнықтыруға бағытталған педагогикалық 
кәсiби өзара ықпалды әрекет деп түсiндiруге де болады. Бұл 
орайда мұғалiм үшiн аса маңызды болатын жағдаяттар: сөз 
саптау, сөйлеу мәдениетi, дауыс қоя бiлу, өз дауысын, ым-
ишарасын, сөз барысында тыныстап бiлу деңгей ептiлiктерiн 
басқарымға келтiре алуы. “Мен “бермен кел” дегендi 15-20 түрге 
құбылта айтып, қол, дене, бет-әлпет қозғалыстарымды 20 түрге 
келтiрiп, сезiмiмдi бiлдiре алатындай кезде ғана, шеберлiгiмнің 
қалыптасқанын байқадым”- деп жазыпты А.С.Макаренко.
Педагогикалық ортақтасу мәселелерi әлемдiк педагогикада 
жоғары белсендiлiкпен зерттелуде. Жақын арада жарияланған 
американ педагогтары Дж.Брофи және Т.Гуддтың “Мұғалiм 


396
мен оқушы арасындағы қатынас” кiтабында оқушыларға 
болған таңдамалы қатынаста көрiнетiн мұғалiмнің “субъек-
тив” пайымдау ерекшелiктерi талданады. Белгiлi болғандай, 
мысалы, педагог өзi тәуiр көретiн оқушыларға көбiрек назар 
салады екен. Қаламаған оқушылары оның назарынан тыс 
қалып, мұғалiм “шуағын” сезiне алмайды. Мұғалiмнің жақсы 
көретiндерi данагөй, тәртiптi, тiл алғыш оқушылар. Енжарлар 
мен ынжықтар тiптi де еленбейдi. Ал тәуелсiз, өжет, белсен-
дi оқушылар мұғалiмге ұнай бермейдi. Қарым-қатынас түзуде 
оқушының сырттай тұрпаттық әдемi көрiнiсi де маңызды ке-
ледi.
Дж.Брофи мен Т.Гудд анықтағанындай, мұғалiм:
– алдыңғы партада отырған балалармен ырықсыз көп 
қатынас жасауға ұмтылады;
– олардың бағасын да жоғарылатып қоюға әрекеттенген;
– жазуы әсем балаларды көбiрек құрметтейдi;
– ұқыпты да әдемi киiнген оқушыларға көбiрек назар ауда-
рады;
– әйел мұғалiмдер көбiне ұл балалар бағасын жоғарылау 
бередi;
– ер мұғалiмдер сүйкiмдi, сұлу қыз шәкiрттерiнің бағасын 
көтермелейдi ж.т.б.
Педагогикалық ортақтасуға орай мұғалiмдердің үш тобы 
анықталған: “белсендi”, “көңілшек” және “әсiре белсендi”. Бiрiн-
шiлерi - қатынас түзуде ынталы, әр оқушымен жеке қатынас 
жасауға шебер, тәжiрибе, жағдайға орай әрекеттерi ауысып ба-
рады. Өзiнің қандай мақсат қойып, оған қалай жететiнiн бiледi, 
түсiнедi. Екiншiлерi де өз көрсетпе-талаптарын икемдiлiкпен 
пайдалана алады, бiрақ көңілшектiктен әлсiз. Қатынастар 
түзуде балалар жетегiнен шыға алмай қалады. Мақсаттары 
күңгірт, мiнезi – икемшiл, тұрақты көзқарасы, бағыты жоқ. 
“Әсiре белсендi” мұғалiм өз оқушыларын шектен тыс жоғары 
бағалауға бейiм, баламен қатынасының көбi шындыққа жа-
наспайтын кейiпке түсiп кетедi. Оның бағалауында сәл бел-
сендi бала – бұзақы да тәртiпсiз, ал енжар оқушы – жалқау 
да ақымақ. Мұндай мұғалiмнің қылық-әрекетi де өз шәкiртiне 
қойған бағасына сай: нақты оқушыны өз өлшеміне сәйкес 
көремiн деп шектен шыққан қылықтарға бой ұрады.


397
Педагогтың басты қаруы – сөзден басқа оның құрал-жабдық 
қорында бiр топ сөздік емес (вербалды емес) тiлдесу-ортақтасу 
шаралары жинақталған. Олар: тұрпат кейпi, ым-ишара, қол, 
көз сiлтемелерi. Зерттеулерге қарағанда мұғалiмнің мiз бақпас 
бетiнде ақиқаттың 10-15 %-тi жойылады екен. Балалар өз 
ұстазының қас-қабағын сезгiш-ақ. Оның бетiнің бозаруы мен 
түксиген қабағынан iстің қандай да насырға шапқанын сезiп, 
оқу қарқынын бәсеңсiрiп, нәтиженi алыстатады. Мұғалiмнің 
бетiн көлеңкелеп, назарын тайдыруы немесе кекiрейе бой тiк-
теп, мықынын таянуы балалар тарапынан оның сенiмсiздiгi, 
келiспейтiндiгi, қарсылығы ретiнде қабылданады. Тiк тұрғанда 
алақандары ашық болып, отырғанда аяқ-қолы жайбарақат 
жайласа, балалар мұны оқытушының сенiмi, келiсiмi, өздерiне 
деген болымды қатынас деп сезiнедi. Мұның бәрi оқушылар 
тарапынан бейсана қабылданады.
Шабыт, қуаныш не сенiмсiздiк жоғары дауыспен жеткiзiл-
се, ашу, қорқыныш-айқаймен бiрге жүреді, ал қайғы мен 
шаршау жұмсақ та бәсеңсiген дауыспен жеткiзiледi. Есіңiзге 
түсiріңiз, кейбiр мұғалiмдеріңiздің шарбая не ысқырған дау-
ысынан қаншалықты сескенiп, үрiккеніңiздi. Мұндай дауысты 
адам педагогикалық қызметке тiптi де жарамайды. Әлбетте, 
өзiндiк тәрбиемен, тұрақты өзiндiк жетiлдiру жаттығуларымен 
адам бойындағы көп нәрсенi өңдеуге болады. Сөйлеу желiсi 
де мұғалiм сезiмiн бiлдiредi: жылдам сөз – толқу мен күйзелiс, 
жай сөз – шаршағандықты, менмендiктi, көңіл қараштығын та-
нытады.
Бас сипау, жанасу, қол алысу, иықтан, жауырыннан қағу да 
өз мәнiне ие. Мұндайда әсiресе бiр жағы кем отбасы балалары 
жақсы қабылдап, педагогты жоқ әкесi не анасының кейпiнде 
таниды. Тентек пен қыңырды не өкпелегiш баланы басынан 
сипап, қандай да бiр басқа тәсiлдердiң бәрiмен жетiсе алмаған 
құрметке бөленесiз. Бұл әр педагогтың қолынан келе бермей-
тiн әдіс, мұны тек бала сенiмiне толық кiрген мұғалiм ғана жа-
сай алады. 
Мұғалiмнің баламен нақты қатынастағы педагогикалық екеу 
ара қашықтығы (дистанция) келесiдей белгiленген: 


398
– тiкелей жеке-дара сөйлесуге мұғалiм – оқушы арасы 45-
120 см-ге дейiн;
– сынып тобымен ресми сөйлесуде – 120-400 см-ге дейiн.
Сөйлесудегi аралық қашықтықтардың ұдайы өзгерiстерде 
болуы педагогикалық еңбек ерекшелiктерiнен, себебi педагог 
әрдайым нақты шарттар мен жағдайларға икемдесуi қажет.
Қол сiлтемелерiн де ұмытпаңыз! Қол ұшы қозғалысы 
мен шошайған бармақ әңгімеге жан бередi не қатынасты 
қарапайымдастырады (не қиындастырады). Мысалы, ашық 
алақан адамды өзіне тартады. Айқастырылған аяқтар, 
артқа тартылған не қалтадағы қолдар – сұхбаттастар арасы-
на кедергi салады. Сұқ бармақты көп шошаңдата бермеңiз 
– бұл басымдылық пен әмiршiлдiктің белгiсi. Қаламыңыз 
бен көзiлдiрiгіңiздi сипалақтап, бармағыңызбен столды 
тоқылдатып, аяқтарыңызды тықылдата бермеңiз – бұл сiздің 
шыдамсыздығыңыз бен сенiмсiздiгіңiздi байқатып, әңгіме 
желiсiнен ауытқытады. Мұғалiм назары айнада не кiтапта бол-
май, кезегiмен оқушыларына бағытталғаны жөн. Сонда ғана 
балалар сiздің көңіліңiздің өздерiмен бiр екенiне сенедi, сiзбен 
бiрлiкте жұмыс жасауға дайын тұрады.
Қорытындылай келе, айтарымыз – бәрi шеберлiкке тәуелдi. 
Ал шеберлiктің өзi ұзаққа созылған тыңғылықты, өзiн жасауға 
бағышталған мұғалiм еңбегiнің нәтижесi. Кейбiр мұғалiм 
оқушыларының қимылсыз тыңдап, тыныш отырғанын, жазып 
не оқып үлгерiп жатқанын қанағат тұтып, артық iс-әрекетке бара 
бермейдi. Мұндай мұғалiм еш уақытта да бала көңілiн жылыта 
алмайды, оған бала жүрегiнде орын жоқ. Мұғалiм болдың ба 
– кәсiбіңдi арғымақша ерттеп, мiн, өз iсіңнің шеберi бола бiл.


399


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет