357
еңбегi
болса, жаңарған
оқу-тәрбие жағдайларында
мұғалiм
мен оқушының бiрлiктi еңбегi, оның жалпы нәтижесi
талдауға алынатын болды. Осыдан, ендi байырғы бақылау
әдістерiн қолдану мүмкін емес: оқушысына қойған “екiсiн” педа-
гог өзіне оңайлықпен қоя салмайды. Ортақ табысты көздеген
мұғалiм мен оқушыға ендi тек нәтиже туралы ғана дерек қажет
емес, олар жоспарланған көрсеткiштердің нелiктен орындал-
май қалғанын бiлгiсi келедi.
Болған iстi қарапайым “жақсы” не “жаман” деумен бағалап,
оның мәнiне жету мүмкін емес. Жаманның “жаман” екенi дау
тудырмайды. Ал жақсы болу үшiн не және қалай iстеу керек.
Мұның жауабы – нақтама. Бақылау да,
бағалау да қойылған
сұраққа жауап бере алмайды.
Нақтама нәтиженi үдерiстің өзiмен бiрге
талдай-
ды: оқушы еңбегi мұғалiм еңбегiнен ажыралмас, оқушының
бiлiм, ептiлiктi игеру үдерісi оның мүмкіндiктерi, қабiлеттерi
және бейiмдiлiктерiмен бiрге қарастырылады. Педагогтың
да iс-қызмет үдерісi оның мүмкіндiктерi
мен жағдайларына
орай талданады. Бақылауда бала еркi мойындалмайды, яғни
ол үшiн баланың қалау не қаламауы роль ойнамайды. Ал
нақтама да оқушы ықылас- ниетi аса маңызды себеп, егер осы
психологиялық фактор болмаса, оны қандай да жолмен пайда
етiп, оқу-тәрбие жұмысының нәтижелiлiгiне арқау еткен тиiмдi.
Дәйек.
Бақылау нәтижесiнде 3-сынып оқушысының барша
тапсырмаларды дұрыс орындағаны белгiлi болды. Мұғалiм “5”
қойып, мақтауын жеткiздi. Үдерiстің де, нәтиженің де ақауы жоқ.
Бiрақ оқушының “5” бағасының төркiнi оның жоғары жетiлген
сана-сезiмiнен, ақыл-парасатынан емес, тек жад (ес) ептiлiгi-
нен екенiн – нақтама ғана анықтайды. Бұл саладағы қызмет
ұланғайыр. Мұғалiм ендi оқушының байқалған олқылықтарын
орнына келтiрiп, оның оқу жұмысын қалайынша ұйымдастыру
қажет екенiн оңай аңғарады.
Байқағанымыздай, дәстүрлi бiлiм, ептiлiктердi тексеруге
қарағанда нақтама мәнi мен маңызы кең де тереңдеу. Тек-
серуде нәтиже баяндалады, ол жөнiнде түсiнiк берiлмейдi.
Ал нақтама нәтижелердi оларға қол жеткiзу жолдары және
тәсiлдерiмен
бiрге қарастырып, өнiм алудың бағдар-бағыты
және әрекет желiсiн анықтайды. Нақтама құрамы: бақылау,
358
тексеру, бағалау, статистикалық деректер жинау, оларды тал-
дау, болашақ даму желiсiн, бағыт-бағдарын болжастыру.
Нақтамада көптеген әдістер мен әдістемелер қолданылады.
Дәстүрлi бақылау, тексеру, бағалау, бiлiм және ептiлiк-
терiн ескеру әдістерiмен қатар оқушылардың сауат және
тәрбиелiк деңгейiн тестiлеу, балалардың үмiт күттiргендей
оқу мүмкіндiктерiн зерттеу, жеке
және тұлғалық бағыттағы
оқу-тәрбие үдерісін жобалау. Бүгiнгi таңдағы нақтама әдістерi
мен әдістемелерi бiрiгiмi оқушыны (сыныпты) педагогикалық
қатынастар жүйесiнен бiрде ажыратпай толыққанды зерттеу
мүмкіндiктерiне ие.
Бақылаудың дәстүрлi әдістерiн нақтама гуманисттiк
мақсаттарға ойыстырып, жаңарған мектептiк қатынастар ар-
насына келтiредi. Әлбетте, мектеп
әзiрше бақылаудан қол
жаза алмайды, бiрақ оны шәкiрттердi үздiктер не орташалар
тобына бөлу үшiн ғана қолданбай, ең алдымен балалардың
оқу мүмкіндiктерiн ашу мақсатында пайдаланады. Мүмкін,
жақын болашақта бастауыш сынып оқушысының күнделiгi не
дәптерiнде санамызда қалыптасқан “2” не “3” бағаларының
орнына “Балаңыздың математикадан мүмкіндiгi жартылай
ашылған”, “Ана тiлден
балыңыздың бiлiктiлiгi орасан, бiрақ,
толық ашылмаған” секiлдi мұғалiмнің ескертпе жазулары
түсер деп үмiттiмiз. Көп жағдайда бала өмiрiне керi ықпалды
баға ақыры жоғалуы тиiс. Педагогикалық еңбек шеберлерiнің
көпшiлiгi өз тәжiрибесiнде сандық бағадан арылудың жолда-
рын iс-жүзiнде көрсетуде.
Бiлiм, ептiлiк және iс-әрекет тәсiлдерiн бақылау мен бағалау
мiндеттерi ғана өзгерiп қалмастан, олардың оқушы сана, сезiмi,
мiнез-құлығына болған ықпалы да бұрынғыдан өзгеше болмақ.
Бiрақ сіңiрлi әмiршiл-әкiмшiл педагогика оқушыға жәрдем беру-
ге бiрде қайыл болмай, одан гөрi баланы қатал бақылау тезiне
салуға құштар-ақ.
Тұлғалық бағыттағы оқу-тәрбие үдерiсiндегi нәтиже тiкелей
әрi толығымен нақтамалық қорытындылар дәлелдiгiне және
дер мезеттiгiне тәуелдi. Осыдан да бүгiнгi
таңдағы мұғалiм
нақтамалық әдістемелердi тыңғылықты игерiп, мектептегi
нақтамалық қызметтi тiктеп, оны жетiлдiруде белсендiлiк та-
нытуы заман талабынан болып отыр. Бұл мұғалiмнің алғашқы
359
қадамдарында атқаратын iстерi – гуманистiк идеяларды
көпшiлiкке
уағыздау, жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастыру, әрiптестерiн нақтамалық әдістер және
әдістемелермен, сонымен бiрге бұл салада жинақталған
қорытындыларды балалар тәрбиесiн жақсылау үшiн пайдалану
жолдарымен таныстырып, бөлiсу. Уақыт өтуiмен, мұғалiмдердің
көпшiлiгi гуманистiк идеяларды толық қабылдаған шақта мек-
теп нақтамасы жалпы мiндеттердi орындап, әр оқушы тәрбиесi
жөнiнде алынған ақпараттарды оның қабiлеттерi, бейiмдiлiк-
терi жән дарынын дамыту үшiн жағдайлар жасау мақсатында
жүйелестiрiп, дер мезгiлiнде пайдалануға
көрсетпелер берiп
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: