Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет260/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиешiге жат әрекеттер:
– бала намысын таптап оны келеке қылу;
– баланың мiнез кемшiлiгiн бетiне басу;
– баланың тән-дене кемшiлiктерiне мән берiп, мазақ ету;
– қойылған талаптарды бала еркiндiгiн байлап, қалтықсыз 
орындату;
– бала дербестiгiне шек қою;
– баланы басқа қатарларымен салыстыра, кемсiту;
– бала түсiнiмiне жат сөздердi пайдаланып, нұсқау, кеңес 
беру;


351
– бала дәйiктемелерiн қай жағдай да жоққа шығару;
– қай жағдайда да балалар тобын орынсыз айыптау;
– көңіл қошы жоқ баланы әңгімеге тартып, әурелеу;
– баланың өзi мен өзi болу құқына шектеу;
– көзделген өзгерiстер дер кезiнде әрi жылдам болмағанына 
күйзелiп, күйбеңге салыну;
– баланың еленбес кемшiлiктерiн терiп, намыс, ар жөнiнде 
жалпы қорытынды жасау. 
Тәрбиешi-гуманист болу бiр сәттiк iс емес. Ол үшiн әр тұлға 
өз мүмкіншiлiктерiн түсiнiп, арнайы дайындық көруi қажет. Бұл 
үшiн әйгiлi американ педагог-гуманистi 
К.Роджерс
өрнектеген 
сұрақтарға жауап берiп көріңiз. Сонымен:
Өсiп, дамудағы тұлғаның жан дүниесiне араласуды өзіңе 
дұрыс деп есептер ме едің? Сот емессің, сыншы емессің – бала 
жанына енiп, оны жөнiмен бағалау қолыңнан келе ме?
Жастарға шын көңіліңдi ашық айта алар ма едің? Жастар-
мен болған топтық қарқынды қатынастарда өз болмысыңда ай-
нытпай сақтау мүмкіндiгің бар ма?
Әр тұлғаның қызықсыну аймағын аша бiлер ме едің? Немен 
бiтерiне тәуелсiз оның дамуына мүмкіндiк берер ме едің?
Әр адамның ең жоғары құндылығы – өзiн және қоршаған 
дүниенi тануға болған ықыласын сақтап қалуда жастарға 
көмектесу қолыңнан келе ме?
Жастар үшiн адамдарды, еңбек тәжiрибесiн, кiтап және 
басқа қызығу оятатын дерек көздерiн тануға жағдай жасауда 
шығармашыл көмек беру қолыңнан келе ме?
Шығармашыл оқу мен еңбекке сабақтас жүретін 
қисынсыз және тосын ой, пiкiрлердi қабылдап, қолдар ма 
едің? Өз шәкiрттеріңнің қалыптан тыс ойларын қабылдауға 
дайынбысың?
Өз тәрбиеленушiлеріңе идеяға өткен сезiмдерiмен не 
сезiмге ауысқан идеяларымен бiрiгiмдi тұтас тұлға болып 
қалыптасуына жәрдем бере аласың ба?
“Егер кiмде – кiм осы сұрақтардың көпшiлiгiне, құдай оңдап, 
“ия” деп жауап бере алса, онда ол өз оқушыларының өмiрi 
мен тiршiлiгiн жеңiлдетiп, жастардың көптеген мүмкіндiктерiнің 
дамуына көмек бере алады”, – деп қорытындылайды К. Род-
жерс.


352
Сонымен, тұлғалық бағытты тәрбиенi арнайы дайындалған 
iзгi жанды тәрбиешi ғана орындай алады. Ондай адам тұғырлы 
принциптердi қару етiп, ненің мүмкін, ненің болмайтынын жақсы 
бiлiп алуы мiндеттi.


353


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет