Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


баланы тағдыр тәлкегiнде қараусыз қалдыру



Pdf көрінісі
бет256/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

баланы тағдыр тәлкегiнде қараусыз қалдыру.
Бiр 
бiрiне сыйыспайтын дүние, бiрақ баланы қатаң тезге салып 
баққаннан гөрi кей жағдайларда оның өмiрi мен дамуына тiптi 
араласпаған тиiмдiрек. Жетiмсiз тәрбиеден болған олқылықтар 
кейiн тұлғаның өз өмiршеңдiгiмен, белсендiлiгi және дербес-
тiгiмен тез қалпына келедi. Осындай тәрбие аясында зерделi 
де iскер, талапшаң да тапқыр адамдар кемелденедi. Алайда, 
мұндай жағдайдан болар қатердi де естен шығармаған жөн 
– жастайдан бойына сіңдiрiлмеген моральдық қалыптар мен 
шектеулер баланың бүкiл болашақ өмiрi мен бүтiндей қоғамды 
төзуге мүмкін емес ыңғайсыздыққа тап қылады. Моральдық 
сапалар өздiгiнен пайда болмайды, сондықтан да “тәрбие 
қазанында қайнап, пiспеген” адам өз белсендiлiгiн “тайғақ та 
парықсыз” жолға салып жiбередi.
Бала өз сапа-қасиеттерiн iс-әрекетiнде, мiнез-құлық және 
қылықтарында көрсетедi. Бiреуiнің әрекетi – шапшаң, лез-
де, екiншiсiнiкi – жай да байсалды, үшiншi бiрi – көрiнген iске 
құлай салады да, соң жағдайларды пайымдап, өз әрекетiн 
ретке келтiредi, түзейдi. Бiр балалар қатынасқа тұйық, сөзге 
сараң, екiншiлерi – ақ көңіл, аңғал, бiр баланың ойы қара ба-
сынан ауыспайды, ал қасындағының ойы – басқалар қамы. 
Бiр балаға күйгелектiк тән, ал екiншi бала табиғатынан “дәрия 
тасса, тобығынан келмейтiн” жайсаң. Осы жәйттердi ескерген 
педагог әрекеттерiнің бәрi бiрдей болуы мүмкін емес.
Педагог әр оқушыға өз алдына жеке тәрбие бағытын 
қолданады. Тәрбиелiк мақсаттар жүйесiн ретке келтiрiп алған-
нан соң, педагог нақты балаға тән қызметтiк-психологиялық 
ерекшелiктердің нақты iс-әрекетте көрiнуiне ықпал жасайтын 
құрал, шараларды iрiктеп, таңдайды. 
Тәрбиелiк ықпалдар 
жiктемесi неғұрлым жоғары болса, тәрбие тиiмдiлiгi 
де нәтижелi келедi.
Бұл орайда жеке даралығы мен 
мүмкіндiктерiне тәуелсiз, барша тәрбиеленушiлердің ортақ 


344
моральдық талаптарды игеру және орындай бiлу қажеттiгi ес-
керiледi. Әр оқушының тәрбиелiк мақсатқа бағытталған нақты 
қадамдары, тұлғалық дамудың нақты тетiктерi жекеленген 
өзгешiлiктерге әрi сол тұлғаның табиғи бастауларына сай бо-
луы қажет.
Сонымен, бала көңілiн түсiну – жартылай iс. Оны жеке, 
қайталанбас тұлға ретiнде танып, оның беделiн мойындау – 
басты мақсат. Өзiмен-өзi болу құқын тану – бала еркiндiгiнің 
арқауы. Мұнсыз гуманистiк бастамалардың бәрi өз нәтижесiн 
бермейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет