“алғашқы әсерлену” сезiмiн
баса алмайды. Жалпы бақылаулар дәлелденгендей, ол сезiм
сан-алуан болуы мүмкін, тек қана
“түсiну әсерi” емес. Ал
арақатынаста сенiм орнап, жәрдем беру үшiн аса қажет қасиет
– тұлға түсiнiмi. Ортаға сенiм кiрiп, орныққаннан соң ғана,
тәрбиеленушiден оның нендей жағдайға кезiккенiн сұрауға бо-
лады. Мұғалiмнің “Не болып қалды?”, “Не бәле iстеп қойдың?”
ж.т.б. секiлдi қаһарлы айғайы баланы ашық жауапқа тарт-
пайды, керiсiнше, оны тұйықтай түседi. Сұрақтың оған деген
қамқорлықпен емес, тәрбиешiнің өз беделi мен басымдылығын
танытуға бағытталғанын бала түсiнедi. Бала ойына келетiнi
– сұрақ көмектесу ниетiнен емес, тәрбиешiнің жәй ерiгу
әуестiгiнен немесе табалап шаттанудан екендiгi, осыдан бала
сол мезетте өзiн-өзi томаға тұйыққа салады.
Педагогтың балалармен
адамгершiлiктi (гуманды)
қатынастар жүйесi үш ажыралмас бiрлiктен құралады:
түсiнiм, таным, қабылдау.
Педагогтың тәрбиеленушiмен қатынастар құрылымы да осы секiлдi бөлiктерге жiктеледi.
Бала осыдан өз тәрбиешiсiнің түсiну, таным және қабылдау
мәселелерiне кезiгедi. Бiр-бiрiне үстемеленген бұл жүйелер
өте күрделi
педагогикалық қатынастар құрылымына бiрi-
гедi.
Түсiну – баланың iшкi жан дүниесiне енiп, оның тереңдей
көңілiн тану. Ол сезiм және қисын (логика) арқасында iске аса-
тын сапа. Тәрбиешi – өте ақылды да көреген адам, баланы
ашық кiтаптай оқи бiледi. Ал баланың қажетсiнетiнi – өзiнің
дұрыс оқылуы, яғни түсiнiмдi қабылдануы, танылуы. Ол өзiнің
қай жағдайда да, қандай болуына қарамастан түсiнiктi болары-
нан астар санасымен үмiттенедi. Оның сенiмiнде мұғалiм еш
уақытта қателеспейдi. Солай болуы да қажет, алдамшы бол-
са да, бала сенiмiне ақау келтiруге болмайды. Сондықтан да
бала үмiтi мен арманын ескерген педагог көзқарасы тұлғалық
бағыттағы тәрбиеде өз басымдылығымен қабылданады.
Баланы түсiну қиындығы қарапайым ғана себептен: бiз
ересекпiз, ал ол әлi бала. Мұғалiмнің кәсiптiк мiндетi осыдан
–