Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


нақты  тұлғаға бағытталған гуманистiк тәрбиенің



Pdf көрінісі
бет244/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

нақты 
тұлғаға бағытталған гуманистiк тәрбиенің
қолынан 
келер iс. Гуманистiк тәрбие ғана зорлықшыл педагогиканың 
қалыптасқан 
елiктемелерiн 
(стереотиптерiн) 
бiртiндеп 
ығыстырып, моральдық өзiндiк реттеулердің жаңа тетiктерiн 
қалыптастыруы мүмкін. Тұлғаға, оның өмiрi мен қызметiне 
бағытталған тәрбие мұғалiм мен оқушы арасында балалардың 
тәрбиелiк ынталану 
белсендiлiгiн көтеретiн әрекеттер 
болған жағдайда ғана өз тиiмдiлiгiн бередi. Баланың “Мен 
мәжбүрмiн” күйiнен “Мен қалаймын” күйiне өтуi оның орындап 


329
жатқан iсiне деген жеке қатынасын пайда етедi. Ал бұған жету 
үшiн көптеген сіңiрi шығып, сiрескен педагогикалық әдеттерден 
арылуымыз тиiс.
Тұлғалық бағыттағы тәрбие – баланы ең жоғары құндылық 
ретiнде дәрiптеп, оны тәрбие үдерiсiнің өзегi деп танытатын 
тәрбие жүйесi. Басқа барша алғышарттардың (приоритет) 
бәрi де осы тұлға тәрбиесi төңірегiнде шоғырландырылып, 
iске қосылады. Тұлғалық бағыттағы тәрбие гуманистiк 
педагогиканың белгiлi принциптерiне жүгінеді. Олар – тұлғаның 
өз құндылығы, оған деген сый-құрмет, тәрбиенің табиғи 
сәйкестiлiгi, негiзгi құрал ретiнде қайырымдылық пен әлпештің 
болуы. Басқаша айтсақ, тұлғалық бағыттағы тәрбие арқауы – 
бала тұлғасын терең құрметтеуге негiзделген тәрбие үдерісінің 
ұйымдасуы, оның жеке-дара даму ерекшелiктерiн ескеру, оны 
тәрбие үдерiсiнің саналы толыққанды әрi жауапкерлi қатысушы 
ретiнде тану. Бұл тәрбие мақсаты – бiртұтас, еркiн, әрекет-
қимылында озат, өз қадiрiн бiлiп, басқалар қадiрi мен еркiндiгiн 
сыйлай бiлетiн тұлға баулу. 
Егер гуманистiк педагогика адам қажетiне орай тәрбиенің 
жалпы бағытын белгiлесе, тұлғаға бағытталған тәрбие 
көзделген нәтижеге жету үшiн тәрбиешiге ненi және қалай iстеу 
керектiгiн көрсететiн тәрбие үдерісінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет