Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет239/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Көркем әдебиеттің 
эстетикалық ықпалы баршаға белгiлi. 
Педагог мiндетi - әдебиеттің көркемдiк әсерiн түсiнуде оқушыға 
жәрдем беру. Әдептi кеңес, орынды ұсыныс оқушыға кiтап мәнiн 
түсiнуге, әдебиет таңдауда белгiлi талғам қалыптастыруға 
көмектеседi. Керiсiнше, кiтап оқуға зорлау мен шек қою келеңсiз 
нәтижелерге бастау бередi.
Ән-күй
баланың жас күнiнен серiгi. Классик – композитор-
лар туындыларының арқасында эстетикалық дамыған көптеген 
адамдар әулетi тәрбиеленген, осыдан балаларымызды мәңгi 
әсем ән-күйден жұтаң қалдыру – тәрбие жолындағы кешiрiл-
мес iс.
Оқу бөлмелерi мен мектеп төңірегiндегi тәртiп, тазалық 
сақтау, жоғары гигиеналық мәдениет ұстану да эстетикалық 
бағыттағы шаралардан. Әдемi безендiрiлген мектептің iшкi 
және сыртқы көрiнiсi оқушыларды салақтықтан қашырып, 
мәдениеттiлiкке баулиды. Барша сұлулық өзiмiзде, өзiмiз 
жүрген жерде екенiн үздiксiз оқушыларға ұғындырып отыру 
– педагогтар борышы.
Дене шынықтыру
бағытындағы тәрбиелiк iстер мiн-
детi: 1) денсаулық нығайту, тән-дененің дұрыс дамуына 
жағдайлар жасау; 2) дене шынықтыру – спорттық бiлiмдердi 
игеру; 3) қозғалыс ептiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру; 
4) қозғалыс сапаларын (күш, епшiлдiк ж.т.б.) дамыту; 5) адам-
гершiлiк сапаларын (ержүректiк, табандылық, тәртiптiлiк ж.т.б.) 
тәрбиелеу; 6) эстетикалық сапаларды (сымбат, отырыс-тұрыс 
мәдениетi ж.т.б.) қалыптастыру; 7) дене шынықтыру және 
спортпен жүйелi шұғылдану әдеттерiн баулу; 8) гигиеналық 
ептiлiктер мен дағдыларды орнықтыру. Мұндай көп тарапты 
тәрбиелiк iстердi бiрлiктi орындау арқылы тәрбие мiндеттерiнің 
барша түрін бiр-бiрiне байланысты әрi үйлесiмдi iске асырып 
тұруға болады.


321
Күнделiктi мектепте 
сабақтар алдынан өткiзiлетiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет