Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет225/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi
Тәрбие көзделген әрекет-қылық (поведение) типiн 
қалыптастыруы мiндеттi. Тұлға тәрбелiлігi түсiнiк, ұғымнан 
көрiнбейдi, ол адамның нақты iс-әрекетiмен бағаланады. Бұл 
тұрғыдан iс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру 
тәрбие үдерiсiнің өзегi ретiнде қарастырылады. Әдістердің 
бәрi тәрбиеленушiлердің 
тәжірибелік iс-әрекетiне
негiзде-
леді. Мұндай iс-әрекеттi басқару үшiн педагог оны құрамды 
бөлiктерге жiктейдi: нақты iстер және қылықтар.
Қажеттi тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған 
әдісi – 
жаттықтыру.
Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің 
қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың 
қалай жазатынын әңгімелеп, жазуға, атақты күйшi өнерiн 
көрсетiп, домбыра тартып үйрету мүмкін емес. Осылайша 
тәрбиеленушi мақсатты бағытталаған белсендi әрекетке ын-
таландырмай, жоспарланған мiнез бiтiсiн де орнықтыруға 
болмайды. Жаттықтыру мәнi – талап етiлген әрекеттердi көп 
мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесiне жеткiзу. 


302
Жаттығулар нәтижесi – тұлғаның бекiген сапалары: әдеттер 
мен дағдылар.
Жаттықтыру iстерiнің тиiмдiлiгiн келесi шарттар анықтайды: 
1) жаттығулар жүйесi; 2) олар мазмұны; 3) түсiнiктiлiгi мен 
жеңiлдiгi; 4) көлемi; 5) қайталау жиiлiгi; 6) бақылау мен түзету; 
7) тәрбиеленушiлердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың 
орындалу мерзiмi мен орыны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық 
жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп-түрткілерi мен оған 
деген ынта себептерi. Жаттығулар жиiлiгi, көлемi және жетiс-
кен нәтижелер арасында тiкелей тәуелдiлiк бар: 
жаттығу 
неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемiмен қалыптасушы 
сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келедi. 
Бұл тәуелдiлiк 
тұлғалық ерекшелiктерiмен реттелiп барады. Бiрдей тең 
деңгейлi сапаны қалыптастыру үшiн әр оқушының орындай-
тын жаттығуларының саны әрқилы: бiр бала көзделген сапаға 
аз санды жаттығудан жететiн болса, екiншi бiреуiнде ондаған, 
жүздеген жаттығу әрекетi қажет. Сапа неғұрлым күрделi кел-
се, оған байланысты әдеттердi қалыптастырып, тұрақтандыру 
үшiн соғұрлым көп жаттығу орындап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет