Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет216/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Өзіңiздi тексеріңiз
1. Тәрбие деген не?
2. Тәрбие теориясы деген не?
3. Қандай тәрбие категорияларын бiлесiз?
4. Тәрбие үдерiсiнің бағдарлылығын қалай түсiнесiз?
5. Тәрбие үдерiсiнің күрделiлiгi нелiктен?
6. Тәрбие үдерiсiнің кешенді болуының себебi неде?
7. Тәрбие үдерiсiнің құрылымы қандай?
8. Тәрбиенің жалпы заңдылықтарын сипаттаңыз.
9. Тәрбие принциптерi деген не?
10. Олардың ерекшелiктерi қандай?
11. Тәрбиенің қоғамдық бағытталуы деген не?
12. Бұл принциптің талаптары қандай?
13. Тәрбиенің өмiрмен байланыстық принципiнің мәнi не?
14. Осы принциптің ерекшелiктерi қандай?
15. Ұнамды үлгi-өнегенi арқау ету принципiнің мәнiн 
түсiндiріңiз.
16. Тәрбиенің нақты тұлғаға бағытталу принципiн қалай 
түсiнесiз?
17. Бұл принциптi iске асырудың жолдары қандай?
18. Тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi принципiнің мәнi қандай?
19. Бұл принциптi қалай орындар едіңiз?
20. Тәрбие үдерісi мазмұны деген не?
21. Тәрбиенің iзгi мiндеттерi – азамат, қызметкер, отағасы 
тәрбиелеу мәнiн түсiндiріңiз.


291
11-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ӘДIСТЕРI МЕН 
ФОРМАЛАРЫ
Жоспар:
Тәрбие әдістерi мен формалары
Сана тәрбиесi әдістерi
Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi
Ынталандыру әдістерi
Тәрбие формалары
Тiрек конспект-сөздік
Тәрбие әдісi
– 1) көзделген мақсатқа жету жолы, тәсiлi; 2) 
тәрбиеленушiлер санасына, еркiне, сезiмiне, мiнезiне ықпал 
жасау әрекетi; 3) тәрбие тәсiлдерi мен құрал-жабдықтар 
жүйесi.
Тәрбие мақсаты
– тәрбиеленушiлерде мүдделi сапаларды 
қалыптастыру.
Педагогикалық шеберлiк шыңы
– тәрбие әдістерiн түзу, 
таңдау және дұрыс қолдана бiлу.
Тәрбие тәсiлi
– нақты тиiмдiлiкке жеткiзушi жеке әрекет, 
жалпы әдіс бөлiгi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет