Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет215/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Отбасы иегерi сапалары:
Еңбеккерлiк, жауапкершiлiк.
Әдептiлiк, кiшiпейiлдiлiк, қарым-қатынас мәдениетi.
Көпшiлiк арасында өзiн ұстай бiлу.
Мұнтаздық, ұқыптылық, гигиеналық дағдылық.
Денi сау, салауатты өмiр салтында белсендiлiк.
Бос уақытын көңілдi өткiзе бiлу.
Жан-жақты бiлiмдiлiк.
Құқықтық талаптар мен заңдарды бiлу.
Тәжірибелік психологияны, этиканы бiлу.
Бала тәрбиесiнен хабардар болу.


289
Некеге 
тұруға, 
отбасы 
мiндеттерiн 
орындауға 
дайындық.
Ата-аналар мен қарияларға құрмет.
Байқағаныңыздай, бастауыш мектеп мұғалiмi тәрбиенің 
мазмұндық бiрлiктерiн ойдан шығарып не сырттан терiп 
жатпайды. Бұлардың бәрi тұрмыстық мәселелерді шешу 
қажеттiгiнен туындайды. Тәрбиешi бастуыш мектептің барша 
кезеңдерiне арнап, болашақ азамат, еңбеккер, отбасы иегерiн 
қалыптастыруға бағышталған жүйелi тәрбиелiк жұмыстар 
жоспарын түзедi. Барша мектептердегi түгел, сыбайлас 
сыныптардағы тәрбие мазмұнын күнi бұрын тәптiштеп белгiлеу 
ешқандай бағдарлама қолынан келмейдi. Осыдан да шамалап 
белгiленген тақырыпқа сүйене отырып, әр педагог мазмұнның 
нақты бiрлiктерiн тәрбие мақсаттарына, нақты жағдайлар мен 
оқушылардың тәрбиелiк деңгейiне орай анықтайды.
Сонымен, қоғамның түбегейлi өзгерiстерi заманында 
тәрбиелiк нақты бағдарлама түзiп, тәрбиешiлерге дайын жо-
балар ұсыну қиын. Дегенмен, бiзге қоғамның даму бағыты 
мен болашақ мектептің алға қойған басты мiндетi – өсiп келе 
жатқан әулеттi қай бағдарға дайындау қажеттiгiн белгiлеу. Бас-
тауыш мектептегi тәрбие негiзi - жан-жақты үйлесiмдi дамыған 
тұлға қалыптастыру, ал мазмұнның нақты бөлiмдерi - аза-
мат, еңбеккер, отбасы иегерiнің өмiрлiк маңызды сапаларын 
тәрбиелеу төңірегiнде топтастырылады.


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет