284
5. Ұштастық пен бiрiздiлiк принциптерi талаптарына орайлас
дәрiстерге және оқудан тыс тәрбие жұмыстарын бiр жүйеде
алып барған орынды. Тәрбие жұмысында бұрыннан орныққан
ұнамды қасиет-сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық
ықпалдар мен талаптар бiртiндеп күрделенуі керек. Бiрлiктi
талаптардың орындалуы жолында
отбасы мен ата-аналарға
тiкелей кеңесшi – тәрбиешi-педагог.
6. Тәрбиелiк ықпалдарды үйелестiру тәсiлi – тәрбиеге
қатысты адамдардың, қызмет түрлері
мен әлеуметтiк
мекемелердің басын қосып, күш бiрiктiру. Осыдан да тәрбиешi
қоғамдық мекемелер, әлеуметтiк қауымдастықтар және отба-
сымен байланыс түзуде шаршап-шалдығу бiлдiрмегенi жөн.
Сонымен, тәрбие принциптерi – тәрбие үдерісінің
мазмұнына, әдістерiне, ұйымдасуына қойылатын негiзгi талап-
тарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгiнгi таңдағы
гуманистiк педагогика ұстанған принциптерi: тәрбиенi нақты
тұлғаға
бағыттау; жеке және қоғамдық тәрбие бағыттарын
үйлестiре, байланыстыру,
тәрбиенi өмiр және еңбекпен
ұштастыру; тәрбиелiк ұнамды үлгi-өнегенi арқау ету; тәрбиелiк
ықпалдарды бiрiктiре, пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: