Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Тәрбиенің өмiр және еңбекпен байланыстық принципі



Pdf көрінісі
бет208/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиенің өмiр және еңбекпен байланыстық принципі. 
“Мектеп үшiн емес - өмiр үшiн” – ұранымен күтiп алады екен 
ежелгi Рим мектептерi өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы 
қадамдарының өзiнде-ақ адам тәрбиесiмен шұғылданған 
тұлғалар өмiр мен тұрмыстан ажыралған тәрбиенің мағынасыз 
болатынын түсiнген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның iс-
әрекетiмен, қоғамдық және еңбектiк қатынастарға келуiмен тi-
келей тәуелдi байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте 
ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, 
тұлғаның дамуы мен әлеуметтену деңгейi де жоғары келедi. 
Осыдан да тәрбиеленушiлердi қоғамдық өмiрге, әрқилы пай-
далы iстерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас 
пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару мiндеттi шара. 
Тең құқықты мүше ретiнде еңбек үдерісiне қатыса отырып, 
бала адамгершiлiкке баулынады, рухани және тәндiк дамуға 
келедi, еңбектің қоғамдық мәндi сеп-түрткілерiн ажырататын 
болады, өзiнің моральдық сапа-қасиеттерiн бекiтедi, одан әрi 
жетiлдiредi.
Тәрбиенi өмiрмен байланыстыру принципi педагогтар-
дан екi бағытта белсендi қызмет атқаруды талап етедi: 
1) тәрбиеленушiлердi адамдардың қоғамдық өмiрi және 
еңбегiмен қолма-қол әрi кең таныстырып, жалпы тұрмыста 
болып жатқан әлеуметтiк өзгерiстердi мезетiнде түсiндiрiп 


280
бару; 2) тәрбиеленушiлердi шынайы өмiр қатынастарына тар-
тып, араластыру, қоғамдық пайдалы iс-әрекеттердің сан-алу-
ан түрлеріне қызығулары мен бейiмдiлiктерiне сәйкес қосып, 
оның нәтижесiнен рахат сезiнуге баулу.
Аталған принциптi iске асыру барысында педагог орындауы 
тиiс мiндеттер төмендегiдей:
– қоғам мен адам өмiрiндегi еңбектің маңызын әр балаға 
жете түсiндiру;
– материалды және рухани дүние өндiрушi еңбек адамда-
рына болған құрмет баулу;
– шаршап-жалықпай еңбектену қабiлетiн дамыту, қоғам 
және өз мүддесi үшiн адал да шығармашылықпен iс қылу ниет-
терiн өрiстете түсу;
– қазiргi заман өндiрiсiнің жалпы негiздерi жөнiнде ақпарат 
жеткiзу;
– еңбек аясында өз басы мүдделерi мен қоғамдық мiндет-
тердi үйлестiре бiлуге, қоғам қажеттерi мен өз ниеттерiне орай 
кәсiп таңдауға үйрету;
– қоғамдық игiлiк және табиғат байлықтарына құндылықпен 
қатынас жасауға баулу;
– қоғамдық мүлiкке байланысты ысырапшылдыққа, жауап-
керсiздiкке, талантараждыққа, табиғат байлықтарына болған 
жыртқыштыққа төзбеушiлiк сезiмiн ояту.
Тәрбиенi өмiр және еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында 
келесi ережелердi ұстанған жөн:
1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты әрi қолынан келер 
iсi пайдалылау. Осыған орай тәрбиешi сабақ және сыныптан 
тыс жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзiп, 
оларды бiрiздiлiк принципi негiзiнде iске асырып баруы шарт. 
2. Өз әрекеттерiн жанұя талаптарымен үйлестiре отырып, 
тәрбиешi әр оқушыға оның басты мiндетi оқу екенiн жете 
түсiндiруi лазым. Бұған қосымша – үйге жәрдемдесу, әлi же-
тетiн басқа да тапсырмаларды орындау.
3. Бала, әдетте, қандай да iстi орындауға құштар; енжарлық, 
селқостық, iссiздiк – бала табиғатына жат құбылыстар.
4. Дәрiстер мен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында 
өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиiмдi.
5. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға 
алған жұмыстарды жауапкершiлiкпен бағамдауға үйренедi, ал 


281
бұл олардың азаматтық сапаларының дамуына жәрдем бе-
редi.
6. Бала тәрбие үдерiсiнде өз еңбегiнің басқа адамдарға, 
қоғамға қажет әрi пайдалы екенiн сезiнуi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет