277
Тәрбие
үдерісiне
сүйенiш болар принциптер өз алдына
жүйеге
бiрiгедi. Осы жүйедегi
гуманистiк педагогика
принциптерi келесiдей:
– тұлғалық
бағыт принципi;
– тәрбиенің жеке тұлғалық және қоғамдық бағыттарының
бiрлiгi принципi;
– тәрбиенің өмiр, еңбекпен
байланыстылық принципi;
– тәрбиеде ұнамды өнегенi пайдалану принципi;
– тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi принципi.
Тұлғалық бағыт принципi.
Тәрбие үдерiсiнде тұлғалық
бағыт принципi тәрбиеленушiлердің
жас ерекшелiктерi мен
даралығын, әсiресе жалпы
жеке адами қасиет-сапалары
мен
мүмкіндiктерiн ескеру
негiзiнде жеке iске асырылады. Адами
қажет сапалар мәнi: тұлғаның өмiрлiк бағыт-бағдары, тiршiлiк
жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелiк
ұстамдары, iс-әрекетi мен мiнезiндегi басымды сеп-түрткілер.
Тұлғаның осы аталған жетекшi сапаларынан бөлектене
қарастырылған жас не даралық ерекшелiктер (мiнез, темпера-
мент, ерiк және т.б.) жоғары дәрежелi кiсiлiк қадiр-қасиеттердi
қалыптастыруға бағышталған тәрбиенi қамтамасыз ете алмай-
ды, жас деңгейiн, даралық ерекшелiктердi бiлу маңызды, солай
да болса жоғарыда аталған сапалардың жетекшiлiк рөлiн тану
ғана баланың жас мүмкіндiктерi
мен жеке ептiлiктерiн дұрыс
пайдаланудың көзiн ашады.
Тұлғалық бағыт принципiнің тәрбиешi алдына қоятын талап-
тары: 1) тәрбиеленушiлердің жеке темпераменттiк ерекшелiк-
терiн, мiнез бiтiстерiн, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерiн
үздiксiз зерттеп, жете бiлу; 2) тәрбие үдерісін нақтамалаумен
бiрге баланың ойлау қабiлетi, сеп-түрткілерi, ұстанымдары,
өмiрлiк бағыты, өмiр мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты
бағамдары, тiршiлiк жоспарлары секiлдi тұлғалық сапалардың
нақты қалыптасу деңгейiн түбегейлi тану; 3)
әр оқушыны
тұлғаның iлгерiлей дамуын қамтамасыз етушi күш-қуатына
сәйкес әрi бiртелеп күрделенiп баратын тәрбиелiк iстер-
ге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты
iске асыруға кедергi
болар себептердi өз уақытында анықтау әрi аластау, ал егер
бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тәуелдi
тәрбие бағытына дер мезетiнде өзгерiстер енгiзу; 5) барынша
278
тұлғаның өз белсендiлiгiн арқау ету; 6) тәрбиенi тұлғаның өзiндiк
тәрбиесiмен ұштастыру, оқушыға өзiндiк тәрбие мақсаттарын,
әдістерi мен формаларын таңдауға жәрдем беру; 7) оқушыда
дербестiк, ынталылық, өзiндiк iс-әрекет қабiлеттерiн дамытуда,
тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткiзер iс-әрекеттердi
ұтымды ұйымдастыру және бағыттай бiлу.
Осы талаптардың бiрлiктi орындалуы мектеп тәжiрибесiнде
бұрыннан танымал жас ерекшелiктерi мен даралық ес-
керу принциптерiнің
қарабайырлығын жояды, тәрбиешiнi
үдерiстің үстiрт белгiлерiне шегеленбей, тереңде жатқан мән-
мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы
үдерiсте көрiнетiн тәрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы
қатынастарды тануға жетекшiлiк етедi.
Достарыңызбен бөлісу: