Сабақтарынан «өмiрлiк қоржынымды»



Дата28.12.2021
өлшемі241,39 Kb.
#128877
түріСабақ
Байланысты:
Жексенбай Гүлжан МФК 204 педагогика эссе2




«Педагогика» пәнi

Қорытынды эссе

Тақырыбы: «Мен, болашақ мұғалiм ЖексенбайГүлжан, «Педагогика» сабақтарынан «өмiрлiк қоржынымды» немен толықтырдым? Ненi үйрендiм?»

Орындаған: Жексенбай Г.Қ.

Тобы: МФК204

Оқытушы: Жумашева С.С.

Алматы 2021

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,  шеберлікті,  ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? Педагогтың  еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді.

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу–таным әрекетін ұйымдастыруда жеке–дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше.

Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді. Сабақ өту-жауапкершілігі үлкен жұмыс екен. Маған оқушылармен бірге уақыт өткізген ұнайды. Әрбір сабақтан жақсы әсер аламын. Мен оқушылармен сабақ барысында сергіту сәтін ұйымдастырамын, сол сергіту сәтінің арқасында олар қуанып қалады және де сабаққа деген құштарлығы әрі қарай күшейе түседі, сабаққа деген қызығушылығы артады. Сабақ барысында олар мені тыңдай біледі, мұғалім ретінде сыйлаймын. Менде оларды туған іні- сіңілдерім ретінде сыйлаймын. Бағалау барысына келер болсақ, мен бір әдіспен бағаладым. Көк және қызыл кәмпиттер таратып, бүгінгі сабаққа қалай қатысты соны қадағалай отырып, оларды бағалаймын. Осылай бағалауым оларға қатты ұнайды. Бұл бағалау түрі келесі сабақтарда оқушылардың сабаққа белсенді түрде қатысуына өз ықпалын тигізеді. Мен олардың барлығын бірдей көремін, ешқайсысын бөліп жармаймын. Түсінбеген жерлері болса, барынша түсіндіруге тырысамын.



Қорытындылай келе, бақыттың үлкені  — өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет