279
себебi тәрбие ең алдымен құнды әрекет-қылық және қарым-
қатынас тәжiрибесiн жинақтауға мүмкіндiк беретiн пайдалы
iс-әрекет, қызмет үдерiсiнде жүзеге келедi. Алайда оқушы
араласқан нақты iс-әрекет (ойын, еңбек, қоғамдық iстер, оқу,
спорттық және т.б.) тәрбиелiк мәнге ие болуы үшiн, оның субъек-
тi – балада сол әрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілердi
қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары iзгiлiктi, қоғамдық
мән-мағынасымен елеулi болып келсе, әрекет-қылықтар
нәтижесiнде орындалатын қызмет те үлкен тәрбиелiк ықпалға
ие болады. Әр тұлғаның әлеуметтiк сапаларын орнықтыруда
оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегi олардың мақсатты
бағытталған сана-сезiмiн қалыптастыру iстерiмен ұштасуы
қажет. Баланы қандай да iс-әрекетке ойыстыруға қолданылған
сөз, ауызекi нұсқау нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен
ұнамды әлеуметтiк тәжiрибеде өз бекiмiн табуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: