289
Некеге
тұруға,
отбасы
мiндеттерiн
орындауға
дайындық.
Ата-аналар мен қарияларға құрмет.
Байқағаныңыздай, бастауыш
мектеп мұғалiмi тәрбиенің
мазмұндық бiрлiктерiн ойдан шығарып не сырттан терiп
жатпайды. Бұлардың бәрi
тұрмыстық мәселелерді шешу
қажеттiгiнен туындайды. Тәрбиешi бастуыш мектептің барша
кезеңдерiне арнап, болашақ азамат, еңбеккер, отбасы иегерiн
қалыптастыруға бағышталған жүйелi
тәрбиелiк жұмыстар
жоспарын түзедi. Барша мектептердегi түгел, сыбайлас
сыныптардағы тәрбие мазмұнын күнi бұрын тәптiштеп белгiлеу
ешқандай бағдарлама қолынан келмейдi. Осыдан да шамалап
белгiленген тақырыпқа сүйене отырып, әр педагог мазмұнның
нақты бiрлiктерiн тәрбие мақсаттарына, нақты жағдайлар мен
оқушылардың тәрбиелiк деңгейiне орай анықтайды.
Сонымен, қоғамның түбегейлi
өзгерiстерi заманында
тәрбиелiк нақты бағдарлама түзiп, тәрбиешiлерге дайын жо-
балар ұсыну қиын.
Дегенмен, бiзге қоғамның даму бағыты
мен болашақ мектептің алға қойған басты мiндетi – өсiп келе
жатқан әулеттi қай бағдарға дайындау қажеттiгiн белгiлеу. Бас-
тауыш мектептегi тәрбие негiзi - жан-жақты үйлесiмдi дамыған
тұлға
қалыптастыру, ал мазмұнның нақты бөлiмдерi - аза-
мат, еңбеккер, отбасы иегерiнің
өмiрлiк маңызды сапаларын
тәрбиелеу төңірегiнде топтастырылады.