Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет218/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбие әдістерi 
дегенiмiз тәрбие көздеген мақсатқа жетудің 
жолдары, тәсiлдерi. Мектеп тәжiрибесiне орай әдістердің 
және бiр анықтамасы – қажеттi сапаларды қалыптастыру 
мақсатымен тәрбиеленушiлердің санасына, еркiне, сезiмiне 
және қылық-әрекетiне ықпал жасау тәсiлдерi. Әдiстер түрі сан-
алуан да шексiз көп. Ал оның нақты көрiнуi өз шәкiрттерiнің 
бiлiмдiк күш-қуаты мен жалпы мүмкіндiктерiн жете танып
оларды өтiлетiн материал сипатына байланыстырып және 
басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделi саралай бiлген педа-
гог әрекетiне тәуелдi. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, әдіс 
формасы да сондай әрi сонша – бұл заңдылық. Әлбетте, 
әдістердің бәрi бiрдей тиiмдi деп айту қиын. Ол үшiн сол әдістің 
түзiлу, қолдану жағдайларын бiлу қажет. Нақты мақсатқа бай-
ланысты дайындалған көп әдістердің iшiнен бiреуi ғана тиiмдi 
болуы мүмкін. Тәрбие тәжiрибесi алдымен ежелден келе 
жатқан дәстүрлi әдістерге арқа сүйегендi тәуiр көредi. Алай-
да көптеген жағдайларда олардың да тиiмсiз болып қалатыны 
бар, сондықтан да тәрбиешi әрдайым тәрбиенің нақты шарт-
тарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол та-
быспен, жылдам жеткiзетiн жаңа әдістердi iздестiруге мәжбүр. 
Тәрбие әдістерiн құрастыру, таңдау және дұрыс қолдану – 
педагогикалық шеберлiк шыңы.


294
Тәрбие 
тәсiлi
– жалпы әдіс бөлiгi, нақты жақсаруға жеткiзетiн 
жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсiл – тәрбиешiнің өз 
шәкiрттерiмен бiрге мақсатқа тезiрек жету үшiн таптап өткен 
соқпағы. Егер осы тәсiлмен басқа да тәрбиешiлер пайдалана 
бастаса, тәсiлдер уақыт озуымен даңғыл жолға – әдістерге 
айналады. Әдiстер мен тәсiлдер байланысының тығыз екенi 
осыдан көрiнедi.
Тәрбие 
құрал-жабдықтары. 
Тәсiлдер жеке ықпалдарды 
байқатса, құрал-жабдықтар сол тәсiлдердің жиынтығынан 
құралады. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал көрсету, еңбектi 
бағалау, жұмыс қателiгiн бiлдiру – тәсiлдер. Сөз (кең мағынада) 
– тәрбие жабдығы, ал iлiкпе сөз, әзiл ескертпе, ескертпе теңеу 
– осы жабдық құрамындағы тәсiл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие 
әдісiн көзделген мақсат үшiн қолданылатын тәсiлдер мен 
құрал-жабдықтар 
жүйесi 
деп те айтады.
Әдiс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен 
нақты жағдайларға сай келетiндерiн таңдап алу үшiн оларды 
қандай да бiр ретке келтiрiп, топтастыру, (классификациялау) 
қажет. Әдiстер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет