Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Тәрбие тиiмдiлiгi келесi жағдаяттарға тәуелдi



Pdf көрінісі
бет203/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбие тиiмдiлiгi келесi жағдаяттарға тәуелдi: 
– қалыптасқан тәрбиелiк 
қарым-қатынастарға
. Балаға 
деген ықпал оның қоршаған ортаға, тәрбиешiге, тәрбиелiк 
әсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар 
ұнамды болса, мәселе тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар 
сипатта болса, тәрбие тежеледi, одан келетiн нәтиже болым-
сыз сипат алады. Сондықтан келеңсiз қатынасты әрекеттер 
алдымен жойылып, соң көзделген мақсатқа қарай қадам аттау 
орынды. Бастаудан тәрбиешi көзқарастары мен талаптарын 
оңды қабылдаған тәрбиеленушi оларға икемдесiп үйренедi 
әрi сенедi, орынды талап кейпiнде қабылдайды. Ал егер 
тәрбиеленушi өз тәрбиешiсiнің талаптарын дұрыс деп таппай, 
одан күмәнданса, үдеріс бағытының қай арнаға түсiп, дамиты-
ны белгiсiз. Гуманистiк тәрбие өсиетi: жақсы тәрбиелiгіңiз кел-
се, баланы бауырмалдықпен өзіңiзге жақындатыңыз.
– 
мақсат және оған жетiсуге бағышталған iс-
әрекеттер арасындағы сәйкестiкке. 
Егер iс-әрекет
тәрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа 
орайласпаса, 
тәрбие 
табысты 
болмайды. 
Керiсiнше, 
ұйымдастырылған iстер мақсатқа тура келсе, қолданылған 
әдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген мiндеттер 
деңгейiнде болса, тәрбие үдерiсiнің тиiмдiлiгi де сәттi 
шығады.
– т
әжірибе мен тәрбиелiк ықпалдар сәйкестiгiне. 
Тәрбие үдерісiне тән құбылыс: тәрбиеленушi өз тәрбиешiсi 
айтқанының бәрiн істе тексеруге құштар. Егер осыдан бала 


275
өмiр мен алған бiлiмiнің, сөз бен iстің өзара сай болмағанын 
сезсе, түңілiске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмiр 
жағдайларын әсте ақырын әрi бiрiздiлiкпен бiрте-бiрте ауысты-
рып бару жөн. Жылтың, мезеттiк табыс қуалау көп ұзамастан 
тәрбие мен өмiр сәйкессiздiгiн тайға таңба басқандай шұғыл 
жайып салады.
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет