Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет48/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

мотивациялық 
(сеп-түрткілер) аймағында елеулi өзгерiстер пайда бола-
ды. Егер 3 жасар бала көбiне жағдайға орай сезiм мен ниет 
ықпалында болса, 5-6 жасар бала өз қылық-әрекетiн сана 
басқарымына келтiредi. Бұл жаста ол сәбилiкте болмаған 
сеп-түрткілердi (мотивтердi) өз басшылығына алады. Бұл сеп-
түрткілердің арасында ересектер дүниесiне қызығу, соларға 
ұқсап-бағу – балалар үшiн өте маңызды келедi. Ата-аналары 
мен тәрбиешiлердің мадағын алуға ұмтылу, өз қатарларының 
сый құрметiне бөлену сияқты ұмтылыстар да бала үшiн 
мәндi. Көп балалардың әрекеттерiнің негiзiнде жеке табыс-
тар, ар-намыс, өзiн таныту ниеттерi билiк етедi. Бұлардың 
көбi ойындарда басшы рөлге таласу, сайыстарда жеңiске жету 
ұмтылыстарынан айқын көрiнедi. 
Балалар моральдық қалып талаптарды 
елiктеумен
иге-
редi. Шынына келсек, ересектер көп жағдайда оларға елiктеу 
үшiн қажет болған үлгiлердi бере алмайды. Әсiресе өсiп келе 
жатқан әулеттің адамгершiлiк сапаларының қалыптасуына 
өрескел зиянды болатын нәрсе – ересектердің арасындағы 
жанжалдар мен дау-дамайлар. Балалар қара күштi, әрi кiмнің 
бiлегi жуан екенiн сезе қояды. Оларды бұл тұрғыдан адасты-
ру қиын. Үлкендер мiнезiндегi күйбеңдiк, намыс жаралаушы 
айқай, жасанды сөзбұйдалық пен үркiту-қорқыту – бұлардың 
бәрi үлкендердің бала көзiнде сый құрметтен қалып, жағымсыз 
танылуына себепшi болады. Бала мұндай адамдарды еш 
уақытта да күштi деп мойындамайды. Нағыз күш – бұл бiр 
қалыпты достық рай. Егер мұны тек тәрбиешiлердің өздерi 
ғана ұстанған күнде, салмақты да салихалы адам тәрбиесiне 
бiр қадамда болса жақындағанымыз болар едi. 
Жақсылық және жамандық қылық арасындағы бала 
таңдауына бағыт беру үшiн жалғыз-ақ тәсiл – орындалуы қажет 
моральдық талапты бала көңіл-күйiне сәйкестендiру. Басқаша 
айтсақ, қалауы болмаған әрекеттер де қажеттiлерiмен ысыры-
лып қалдырылмай, түсiнiм арқасында орынды болатындары-


70
мен ауыстырылғаны жөн. Бұл принцип тәрбиенің 
жалпы негiзi 
ретiнде қабылданған. Мектепке дейiнгi жас балаларының жеке 
дара ерекшелiктерiнің арасында педагогтер темперамент және 
мiнезге көп зейiн аударады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет