Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет44/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жас ерекшелiктерiн есепке алу
(учет) – Негiзгi педагогика 
принциптерiнің бiрi.
Акселерация 
– Балалық және жасөспiрiмдiк жастағы тән-
дене және кей жағдайлардағы психикалық сапалардың шектен 
тыс қарқынды дамуы.
Ретрадация
– Келеңсiз нәсiлдiк аурулар мен қолайсыз 
экологиялық жағдайлардың әсер етуiнен болатын баладағы 
тән-дене, рухани дамудың кешеуiлдеуi.
Жастық даму заңдылықтары
– 1. Жастық шақта адамның 
тән-дене дамуы тез әрi қарқынды жүріп жатады. 2. Тән-дене 
дамуы бiркелкi болмайды, бiр кезеңде жылдам дамыса, екiншi-


60
де – тым баяулап кетедi. 3. Адам денесiнің әрбiр ағзасы өзіне 
тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөлiктерiнің да-
муында теңдестiк пен сәйкестiк болмайды. 4. Адам жасы мен 
оның рухани дамуы өзара керi тәуелдiлiк байланыста (обрат-
нопропорциональная зависимость). 5. Адамның рухани дамуы 
бiрде қарқынды, жедел болса, әлде бiр жағдайда баяу хәлге 
түседi. 6. Даму барысында кейбiр психикалық сапа-қасиеттер 
мен мүмкіндiктердің қалыптасуы үшiн тиiмдi жас кезеңдерi 
(сентизивные периоды) болады.
Жеке бас
(индивидуальные) 
ерекшелiктерi
Баланың 
түйсiну, қабылдау, ойлау, ес, қиял, қызығу, бейiмдiлiк, қабiлет, 
темперамент, мiнез бiтiстерiндегi өзiндiк сапа белгiлерi.
Мектепке дейiнгi жас
кезеңнің соңына қарай
– 1. Қоғамдық 
мәндi iс-әрекетке ұмтылыс байқалады. 2. Өз әрекет қылығын 
басқару қабiлетi дамиды. 3. Қарапайым қорытындылау ептiлiгi 
қалыптасады. 4. Тiлi жетiледi. 5. Басқалармен өзара байланыс, 
бiрлiктi iс-әрекетке түсе алады.
Бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
психика-
педагогикалық ерекшелiктерi 
– 1. Жүйке жүйесi жетiле түседi. 
Психикасы жедел дамуға келедi. Тежелу кемде де, қозуы 
күштi. 2. Танымдық iс-әрекетi тiкелей оқумен байланысты. 3. 
Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекi қызығушылық ба-
сым. 4. Зейiнi ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген. 5. Ой-
лауы бастапқыда көңіл шарпуы (эмоция) мен бейнелi негiзде, 
кейiн дерексiз (асбстракция) – логикалық кейiпке келе бастай-
ды, тiл дамуымен бiрге жүреді. 6. Есi (память) қызықты, нақты, 
жарқын материалға бейiмдеу, көрнекi-бейнелi сипатқа ие. Есiн 
толығымен қажетiне пайдаланып, оқу мiндеттерiн атқаруға 
қолдана алмайды. 7. Кiшi мектеп жасы iзгiлiк, адамгершiлiк 
сапаларды баулауға ең қолайлы кезең. 8. Өзiн-өзi мақтау мен 
басқалар мадағын жақсы көредi. 9. Ой-көңіл дүниесi сырт-
тай әрекет-қылығынан анық көрiнедi. 10. Бала еңбегiн ойын 
үдерісiмен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.


61
Мектеп жасына жеткен бала өзiнің осы 
кезеңдегi сапа-қасиеттерiмен бұған дейiн 
мүмкін болмаған қандай да жаңа оқу айналы-
мын бастауға қабiлеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет