Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет40/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Белсендiлiк
оқу барысында шәкiртке тезiрек және табыс-
ты әлеуметтiк тәжiрибе топтауға мүмкіндiк бередi. Оның қарым-
қатынас, тiлдесу қабiлеттерiн дамытады, қоршаған болмысқа 
деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасат 


53
дамуын 
танымдық белсендiлiк
қамтамасыз етедi. Бұл үшiн 
балаға танымдық мәселелердi шешуiмен бiрге игерiлген бiлiм-
дердi тәжірибеде қолдану қажеттiгi де тән болуы тиiс. Себебi 
еңбектегi белсендiлiк тұлғаны өзiнің рухани және адамгершiлiк 
дүниесiн тез арада және тиiмдi қалыптастыруға ынталындыра-
ды, оны көп және нәтижелi еңбектенуге бағыттайды. 
Белсендiлiктің барша көрiнiстерiнің негiзiнде бiр ғана 
тұрақты дерек көзi - 
қажеттiк
 
орын алған. Адам қажеттiктерiнің 
көп түрлілiгi оларды қанағаттандыру үшiн қолданылатын iс-
әрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсiп келе жатқан 
адамға белсендiлiктің пайдалы бағыттарын көрсетiп, алдамшы 
қырларын мейлiнше бәсеңсiту – педагогтар үшiн тұрақты да 
өте күрделi мiндет. Күрделiлiгi – адамның жеделдете кемелде-
нуi дәуiрiнде iс-әрекет қажеттерi мен сеп-түрткілер (мотивтерi) 
өте қозғалмалы және ауыспалы келедi. Сондықтан, әртүрлі 
жас сатыларында iс-әрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жал-
пы мектептiк тәрбиенің өзгерiстер iзiмен үлгере орындалуы өте 
қиын, солай да болса, әрқандай тәрбиелiк iс мезетiнен бiр де 
кешiкпей жүргізiлiп, келеңсiз салдардың алдын алып отыруы 
қажет. 
Әрбiр адамның 
өзiндiк белсендiлiгi
оның қабiлеттерi 
мен дарынының дамуы және табыстарға жетуiнің мiндеттi 
кепiлi. Оқушы тәрбиесiмен қандай да бiр ғажайып тәрбиешi 
шұғылданбасын, оқушының өз әрекет ықыласы болмаса
ешқандай нәтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинский пiкiрiнше, 
бала өзi оқуы тиiс, ал педагогтың қызметi оған игерлуi қажет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет