Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет36/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Л.С.Выготский
(1896-
1934) тәрбие мақсаттары мен әдістерi тек қана баланың дамып 
жетiлген деңгейiне сәйкес болып қоймастан, баланың ендi жетi-
сетiн, “ең жақын даму” аймағына да сәйкес болу заңдылығын 
ашты. Мұндай деңгей екеу: 1) нақты даму аймағы, 2) жетiлуi 
қажет даму аймағы. Бұл деңгейлердi келесiдей белгiлерiне 
қарай анықтау мүмкін. Бiрiншi деңгейде бала тапсырманы өз 
бетiнше орындайды, ал екiншi деңгейде оны өз бетiнше атқара 
алмайды, сондықтан оған ересектердің жәрдемi қажет. Жақсы 
тәрбие – бұл даму алдынан жүретiн тәрбие. Тәрбиенің мiндетi 
алдымен “жақындатылған даму өрiсiн” түзiп, оны кейiн “нақты 
даму алаңына” ауыстыру. Әрдайым тұлғаны қалыптастыратын 
дамуды өз жетегiне алған - тәрбие
. Мұндай тәрбие әлi 
пiсiп жетiлмеген, бiрақ тiктелу шағына түскен үдерiстерге 
бағытталады. Балалардың мейлi тән-денелiк, мейлi ақыл да-
муы болсын, ешқайсын да шектен тыс асықтыруға, олардың 
iс-әрекетiн ойластырмай, көлем жағынан көбейтуге және 
күрделендiруге болмайды. Зерттеулердің көрсеткенiндей, жас 
балалардың көбi алты жастан жүйелi оқуға қатысуына болады. 
Бiрақ, бұл жаста бастаған оқу сабақтары ерекше ұйымдастыру, 
қажеттi қозғалыс, дем алу, тамақтану жағдайларын қамтамасыз 
етудi талап етедi. 
Сонымен, адам дамуы тәрбиеге негiзделедi. Ол табиғат және 
қоршаған орта толтыра алмаған кемшiлiктердi түзейтiн басты 
күш. Тәрбиенің ықпалды болуы оның мақсат бағдарлылығына, 
жүйелiлiгiне, маманданған басшылығына тәуелдi. Бiрақ, тәрбие 
мүмкіндiктерi кейбiр жағдайларда шектеулi болады. 
Табиғи сәйкестiк принципi
Адамның дамуында нәсiлдiк (табиғи) жағдаяттардың 
үлкен маңызға ие екендiгi ежелгi дүниеден-ақ белгiлi болған. 
Тәжірибеде ұдайы дәлелденiп келе жатқан бұл тұжырым 
уақыттардың өтуiмен педагогиканың тұғырлы және жетек-


49
шi принципiне айналды. Бұл принцип кейiн келе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет