39
“Адам баласы туа естi бол-
майды. Естiп, көрiп, ұстап, та-
тып, естiлердің айтқандарын
есте сақтап қана естiлер
қатарында болады. Естiген
нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу
ғана естi етедi”.
А б а й
Тұлғаның даму үдерісi
Даму
–
адамның сандық және сапалық өзгерiстерiнің
жүрісi мен нәтижесi.
Даму нәтижесiнде адам биологиялық
түр және әлеуметтiк тiршiлiк иесi болып жетiледi. Адамның
биологиялық сипаты өз iшiне морфологиялық, биохимиялық,
физиологиялық өзгерiстердi қамтыған тән-дене дамуынан
көрiнедi. Ал
әлеуметтiк
даму оның психикалық, рухани, ин-
теллектуал кемелденуiнен байқалады.
Егер адам сана
және өзiндiк санаға ие болып, өз бетiнше
жаңғыртушы iс-әрекет орындауға қабiлеттi болса, онда ол адам
тұлға
деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттiк
дәреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан
өзгеше “тұлға” түсiнiгi – адамның қоғамдық қатынастар,
басқа
адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтiк сапа-
қасиеттерiн бiлдiредi. Тұлға ретiнде әрбiр адам әлеуметтiк
жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие ба-
рысында қалыптасады. Әрбiр тұлға, бiр жағынан,
қоғамдық
тәжiрибенi игеру деңгейiмен, екiншi жағынан, материалдық
және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесiмен
танылады. Тұлға болып жетiлу үшiн адам өзіне табиғаттан
берiлген және өмiр мен тәрбие желiсiнде қалыптасқан iшкi
қасиеттерiн нақты тәжірибелік қызметте аша бiлуi шарт.
Адам дамуы – бұл өте күрделi, ұзақ мерзiмдi және
қарама-қайшылықты үдеріс. Бiздің
ағзамызда болып жатқан
өзгерiстер өмiр бойына ұласады. Ал адамның тән-дене бол-
мысы мен рухани дүниесi әсiресе балалық және жасөспiрiм
шақта қарқынды ауысуларға кезiгедi. Адамның дамуы сандық
40
өзгерiстердің қарапайым жиынтығы немесе төменнен жоғарыға
бағытталған iлгерiлi қозғалыс тобы емес, бұл үдерiстiң өзіне
тән ерекшелiгi – сандық өзгерiстердің тұлғаның физикалық,
психикалық және рухани сапалық қасиеттерiне диалектикалық
түрде өтiп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсiндiруде әртүрлі
көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бiр бөлiгi адамдардың
дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтiн өзiнше жүрісi бар деп
пайымдаса, даму өмiр шарттарына тәуелсiз, сондықтан, тума-
дан берiлген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкiм,
еш уақытта өзгертуi мүмкін емес, тағдыр белгiлейдi, осыдан
қазақ «Маңдайына жазылған», – деп топшылайды. Ал басқа
бiр зерттеушiлер тобының пайымдауынша: даму – бұл әуел
бастан қозғалысқа қабiлеттi тiрi материя. Даму жолында көне
жойылып, жаңа туындап барады. Өмiрге енжар икемдесушi
жануарлардан адам өз дамуы үшiн қажеттерiн өз еңбегiмен
жасай алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш –
қарама-қарсылықтар тайталасы.
Қарама-қарсылықтардың арқасында үздiксiз қайта жасалулар
мен жаңғыртулар дүниеге келедi. Қарама-қарсылықтар – бұл
өзара екi шекті күштердің бiр-бiрiне сиымсыздығынан туын-
дайтын диалектикалық үдеріс. Адам қайшылықтарды iздеп
немесе ойдан шығарып,
әлектенуiнің қажетi жоқ, олар қадам
сайын өмiрлiк қажеттiктердің өзгеру салдарынан пайда болып
отырады. Табиғатынан адамның өзi де қарама-қайшылықты
дүние болмысы.
Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал
жасаушы
iшкi
және
сыртқы, жалпы
(әмбебап), сонымен бiрге
әр жеке адамға тән –
даралықты
болып ажыралады. Адамның
қарапайым материалдық және ең жоғары рухани
қажеттерiнің
және оларды қанағаттандыру мүмкіндiктерi арасындағы
қарама-қайшылықтар әмбебап сипатқа ие. Iшкi қарама-
қайшылықтар әр адамның өз болмысынан қанағаттанбауынан
туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрiнедi. Негiзгi iшкi
қайшылықтардың бiрi – жаңадан пайда болған қажеттiктер мен
оларды iске асыру мүмкіндiктерiнің арасындағы алшақтықтар.
Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, әлеуметтiк
деңгейiнің
жетiмсiздiгiне қарамай, мүмкіндiктерi толысқан
ересектермен бiрге iс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын” –
41
“қолымнан келмейдi”, “бiлемiн” – “бiлмеймiн”, “мүмкін” – “бол-
майды”, “бар” – “жоқ” – мәңгi қарама-қайшылықтарды белгiлей-
тiн қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар
даму және оның нәтижелерi – бiр жағынан, және оларға ықпал
жасаушы себептер – екiншi жағынан, арасындағы заңдылықты
байланыстарды аңдатушы бiрнеше маңызды тәуелдiлiктердi
ашты.
Нелiктен кей адамдар өз дамуында өте биiк нәтижелерге
жетедi, ал екiншi бiреулер – ондай мүмкіндiкке ие емес?
Бұл үдерiстің және оның нәтижесi неге байланысты? Ұзаққа
созылған зерттеулер осы сұрақтарға орай жалпы заңдылық
ашты: адам дамуы iшкi және сыртқы жағдайларға тәуелдi. Iшкi
жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық және психикалық
қасиеттерi. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған орта-
сы, ол жасаған және дамыған аймақ сыртқы ортамен ықпалды
араласу үдерiсiнде адамның iшкi мәнi өзгередi, жаңа қасиеттерi
қалыптасады, ал бұл, өз кезегiнде,
алдағы өзгерiстерге жол
ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық және сапалық
өзгерiстердің желiсi мен нәтижесi. Даму барысында адам
тұлғаға айналып, сана мен өзiндiк сана, дербес жаңғыртушы
iс-әрекет иесi болып жетiледi. Дамудың қозғаушы күшi -
қарама-қарсылықтар күресi. Адамның дамуы iшкi және сыртқы
жағдайлармен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: