35
2-ТАРАУ
ДАМУДЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жоспар:
Тұлғаның даму үдерісi
Нәсiлдiк және қоршаған орта
Даму және тәрбие
Табиғи сәйкестiк принципi
Iс-әрекет және тұлға дамуы
Даму нақтамасы
Тiрек конспект – сөздік
Адам
– заттай және рухани, табиғи және әлеуметтiк, нәсiлдiк
пен өмiрден игерiлген дүниелер бiрiлiгiнен қалыптасқан ойлау
және сөйлеуге қабiлеттi, құрал-жабдық жасап, оны еңбек бары-
сында қолдануға икемдi тiршiлiк өкiлi.
Индивид
(тек өкiлi) – тұлғалық
және даралық дамудың
алғышарты ретiнде көрiнген тұтастық қайталанбастығымен
танылған психофизиологиялық қасиеттерге ие тек өкiлi –
адам.
Тұлға
(личность) - қатынастар мен саналы iс-әрекеттерге
араласқан, өзiндiк
таным мен дамуға қабiлеттi, қоғам мүшесi
ретiнде әлеуметтiк мәндi бiтiстер, байланыстар,
ұстанымдар
мен принциптердi өз бойына сіңдiрген субъект – адам.
Даралық
(индивидуальность) – тек өкiлi – адамның тұлғалық
және психикалық ерекшелiгi. Бұл әрбiр тұлға – субъекттің
темпераменттiк және мiнез бiтiстерiнде, сезiмдiк,
ақыл-сана
және ерiктiк аймақтары мен қызығуларында, қажеттерi мен
қабiлеттерiнде көрiнiс бередi.
Даму
(развитие) – адам ағзасында, психикасында, ой-өрiсi
мен рухани болмысы шеңберiнде сыртқы да iшкi, басқарымды
да өзбетiнше жүріп жатқан ықпалдар себебiнен болатын сандық
және сапалық өзгерiстер мен сол өзгерiстердің нәтижесi.