Өзіңiздi тексеріңiз
1. Педагогика ненi зерттейдi?
2. Педагогиканың мiндеттерi қандай?
3. Тәрбие жөнiндегi ғылым қай заманда пайда болған?
4. Педагогикалық ой-пiкiр қалыптасу кезеңдерiн анықтаңыз?
5. Я.А.Коменскийдің педагогика үшiн қызметi қандай болды?
6. Көрнектi орыс, батыс педагогтарынан кiмдердi бiлесiз?
7. Қазақ ғұлама педагогтарынан елеулiлерiн атап, олардың
еңбектерiне сипаттама беріңiз.
8. Тәрбиенің әлеуметтiк және педагогикалық мән-мағынасы
қандай?
9. Нелiктен тәрбие тарихи сипатқа ие?
10. Оқу деген не?
11. Бiлiм мағынасын ашыңыз.
12. Тұлға дамуының мәнi неде?
13. Тұлға қалыптасуы дегендi қалай түсiнесiз?
14. Негiзгi педагогикалық бағыттарды атаңыз, олардың сипат-
тамасын беріңiз.
15. Педагогикалық жүйе, үдеріс, iс-әрекет ұғымдарына сипат-
тама беріңiз.
16. Педагогиканың барша ғалымдар жүйесiндегi орнын қалай
түсiнесiз?
17. Педагогиканың басқа ғылымдармен негiзгi байланыс фор-
маларын атаңыз және оларға мысал келтiріңiз.
18. Қазіргі заман педагогика ғылымының құрылымы қандай?
19. Жалпы педагогика мен жекелеген педагогика арасындағы
айырмашылық неде?
20. “Педагогика” терминi орнына “андрогогика” терминiн
қабылдауға көзқарасыңыз қандай?
35
2-ТАРАУ
ДАМУДЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Жоспар:
Тұлғаның даму үдерісi
Нәсiлдiк және қоршаған орта
Даму және тәрбие
Табиғи сәйкестiк принципi
Iс-әрекет және тұлға дамуы
Даму нақтамасы
Тiрек конспект – сөздік
Адам
– заттай және рухани, табиғи және әлеуметтiк, нәсiлдiк
пен өмiрден игерiлген дүниелер бiрiлiгiнен қалыптасқан ойлау
және сөйлеуге қабiлеттi, құрал-жабдық жасап, оны еңбек бары-
сында қолдануға икемдi тiршiлiк өкiлi.
Индивид
(тек өкiлi) – тұлғалық және даралық дамудың
алғышарты ретiнде көрiнген тұтастық қайталанбастығымен
танылған психофизиологиялық қасиеттерге ие тек өкiлi –
адам.
Тұлға
(личность) - қатынастар мен саналы iс-әрекеттерге
араласқан, өзiндiк таным мен дамуға қабiлеттi, қоғам мүшесi
ретiнде әлеуметтiк мәндi бiтiстер, байланыстар, ұстанымдар
мен принциптердi өз бойына сіңдiрген субъект – адам.
Даралық
(индивидуальность) – тек өкiлi – адамның тұлғалық
және психикалық ерекшелiгi. Бұл әрбiр тұлға – субъекттің
темпераменттiк және мiнез бiтiстерiнде, сезiмдiк, ақыл-сана
және ерiктiк аймақтары мен қызығуларында, қажеттерi мен
қабiлеттерiнде көрiнiс бередi.
Даму
(развитие) – адам ағзасында, психикасында, ой-өрiсi
мен рухани болмысы шеңберiнде сыртқы да iшкi, басқарымды
да өзбетiнше жүріп жатқан ықпалдар себебiнен болатын сандық
және сапалық өзгерiстер мен сол өзгерiстердің нәтижесi.
|