30
қорытындылар жасалады. Осыдан бұл әдістi
“тарихи”
деп те
атайды. Тәжiрибе зерттеу әдісi және бiр –
дерек көздерiн
зерт-
теу немесе
архивтiк
- әдіспен тығыз байланысты. Осы тәсiлмен
ежелгi жазу ескерткiштерi, заң акттерi, жобалар, көрсетпелер,
есептер, баяндамалар, съездер және конференциялардың ма-
териалдары мен қаулылары бiрегей ғылыми талдауға түседi.
Көп жағдайда шығармашыл қызмет етiп жатқан педагогикалық
ұжымдар жеке мұғалiмдердің озат тәжiрибесiн зерттеудi де осы
әдіспен байланыстырады. Осы әдіспен зерттеудің нәтижесiнде
жария етiлген озат тәжiрибелер
педагогика ғылымында және
тәжірибесінде қалыптасқан көзқарастарды сынауға және
бұрыннан қатаң жүйеге түскен бағыттарды өзгерте қарастыруға
себепшi болды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер оқу-тәрбие үдерісін
бейнелеушi
мектеп
құжаттарын талдауды да
маңызды әдіс
деңгейiне көтердi. Мұндағы ақпарат көздерi – сынып журнал-
дары,
жиналыстар мен отырыстар, хаттама кiтаптары, оқу
дәрiстерiнің кестелерi,
iшкi тәртiп ережелерi, мұғалiмдердің
күнтiзбе
және тақырыптық жоспарлары, конспекттерi мен
сабақ стенограммалары және т.б.
Мектеп құжаттарымен та-
ныса отырып, балалардың денсаулығы және олардың үлгерiмi
арасындағы қатынасты, мұғалiмдердің жұмыс қабiлетiнің сабақ
кестесiне байланысын байқауға болады. Мектеп құжаттарын
зерттеу, әлбетте, басқа әдістердi
қолданумен қосарлана пай-
даланылады.
Достарыңызбен бөлісу: