29
пайдалана отырып, зерттеушi тұлғаның тәрбие, оқу, бiлiм,
даму, қалыптасу үдерiстерi мен олардың нәтижелерi жөнiндегi
деректердi қолына түсiредi. Бiлiм топтастырудың көп әдістерi
бар. Олардың iшiнде
дәстүрлi (эмпирикалық) және жаңа (экс-
перименталды, теориялық) әдістер ажыралады.
Дәстүрлi әдістер
– бұл педагогика ғылымының бастапқы
пайда болу дәуiрiнде қызмет еткен зерттеушiлерден бiзге дейiн
мұра болып жеткен бiлiм топтастыру жолдары. Педагогикалық
зерттеулердің дәстүрлi әдістерi қатарында танылғандары:
бақылау, тәжiрибе, дерек көздерiн зерттеу, мектеп
құжаттарын талдау, оқушы шығармашылығы өнiмдерiмен
танысу, әңгіме – сұхбат.
Бақылау
– педагогикалық тәжірибені зерттеудің ең жеңiл
және көп тараған әдісi. Ғылыми бақылау – бұл таным нысанын,
үдерiстер мен құбылыстарды табиғи жағдайда зерттеу үшiн ар-
найы ұйымдастырылған iзденiс әрекетi. Ғылыми бақылаудың
басты өзгешелiктерi келесiдей: 1) мiндеттер анықталады, ны-
сандар белгiленедi, бақылаулар сұлбасы түзiледi; 2) алынған
нәтижелер мiндеттi түрде хатталады; 3) қолға тиген деректер
өңделедi; 4) нәтижелер бұрынғы белгiлi болғандармен салыс-
тырылады және басқа әдістер жәрдемiмен қайта тексерiледi.
Тиiмдi болу үшiн бақылау
ұзақ мерзiмдi, жүйелi, көптарапты,
шынайы және ауқымды
болуы қажет.
Бақылау әдісінің маңыздылығын, оның жеңілдігі мен көп
таралғанын айта отырып, оның кемшіліктерінің де болатынын
ұмытпау қажет: бақылау арқылы педагогикалық құбылыстардың
астарлы, ішкі мән-мағынасын толық ашылмайды, бұл бақылау
барысында алынған ақпараттардың толық шынайлылығын
қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан бақылау көбіне
зерттеулердің бастапқы кезеңдерінде басқа әдістермен бірге
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: