Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Оқушы шығармашылығы өнiмдерiн зерттеу әдiстерi



Pdf көрінісі
бет26/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқушы шығармашылығы өнiмдерiн зерттеу әдiстерi. 
Оқушылардың өз бетiнше барша пәндер бойынша орындаған үй 
және сынып жұмыстары, әдебиет және тiл сабақтарында жазған 
шығармалары, өзiндiк рефераттары, қоғамдық жұмыстарына 
байланысты есептерi, эстетикалық және техникалық iстерiнің 
нәтижелерi – тәжiрибелi зерттеушiге бала жан дүниесi мен оның 
қызығулары жөнiнде мол да нақты деректер бередi. Баланың 
бос уақытында дайындаған өнiмдерi, қызығу шұғылданыстары 
да бала өмiрiн тануда маңызды рөл ойнайды. Оқушының жеке 
дара ерекшелiктерi, ұмтылыстары мен қызығулары, iске және 
өз мiндеттерiне қатынасы, ұқыптылығы, зерделiгi және басқа 
да қасиеттерi, оның
 iс-әрекет сеп-түрткілері
(мотивы) аталған 
әдістi табысты қолдануға кең мүмкіндiк бередi. 


31
Бұл әдіс басқа барша тәсілдер сияқты мұқият жоспар-
лауды, орынды қолдануды, оны бақылау және 
әңгіме-сұхбат 
әдістерімен икемді ұштастыра білуді талап етеді. Сондықтан 
да ол көбіне бақылау немесе басқа әдістерді қолдануда ашық, 
айқын болмаған қажетті деректерге нақты түсініктеме беру 
үшін қосымша құрал ретінде қолданылады. Әңгіме-сұхбаттың 
нәтиже сенімділігін көтеру үшін арнайы шаралар іске 
қосылады: 1) сұхбаттас тұлғасын ескерумен ойластырылған 
әрі бұлжытпай іске асырылатын әңгіме жоспары түзіледі; 2) 
зерттеушіні қызықтырған сұрақтар әртүрлі байланыстарға 
келтіріліп, санқырлы талқыланады; 3) қойылатын сұрақтар 
сұхбаттасқа жағымды формада, баламалы түрде болуы шарт; 
4) сұрақтар мен жауаптарда жағдай сипаты орынды пайдала-
нылып, тапқырлық қабілетті керек етеді. Әңгіме жүргізу өнеріне 
ұзақ та шыдаммен үйрену қажет.
Педагогикалық зерттеулердегi 
жаңа инновациялық
әдістер 
қатарына 
педагогикалық эксперимент, тестiлеу, анкеттеу, 
топтық жiктеу (дифференциация) 
және т.б. кiредi. 
Педагогикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет