Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет28/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

үлгерім тестерін 
кең қолданып жүр. Бұдан басқа мектеп практикасында жүгіртіп 
оқу, жазу, қарапайым арифметикалық амалдарды анықтау 
үшін элементар 
ептілік тестері
де пайдаланылады. 
Сауат 
және 
даму деңгейін 
нақтамалау тестері
оқушының кемелден-
генін, игерілген білім дәрежесін, барлық оқу пәндері бойынша 
ептіліктерін анықтауға көмегін тигізеді. Оқу бағдарламасының 
ірі бөлімдерін өтіп болғаннан соң көп шама сұрақтарды 
қамтыған 
қорытындылау тесті
ұсынылады. Мұндай тестер 
екі түрде ажыралады: 
шапшаңдыққа және білім күшіне орай.
Бірінші жағдайда оқушының барлық сұрақтарға жауап беруі-
не уақыт жетпейді, себебі, жылдам әрі шапшаң жауап беру 
керек; ал екінші жағдайда шапшаңдық талап етілмейді, кере-
гі – білім тереңдігі мен орнықтылығы. Мектеп жасына дейінгі 
және бастауыш мектеп оқушыларына арналған тестер көбіне 
жеңілдетілген баламада келтіріледі.
Тәрбие, бiлiм алу, оқу үдерістері ұжымдық (топтық) сипатқа 
ие. Оларды зерттеу үшiн көбiне белгiлi жоспармен түзiлген 
көпшiлiкке
(массовый)
 
сұрақ қою
әдісi қолданылады. Мұндай 
сауалнама ауызша (интервью) немесе жазба (анкеттеу) күйiнде 
жүргізіледi. 
Анкеттеу
- арнайы түзiлген сауалнама жәрдемiмен көпшiлiк 
ақпаратын жинау әдісi. Педагогикалық тәжірибеде анкеттеудің 
әрқилы түрлері бар: өзiнше жауап түзу – ашық анкета, дайын 
жауаптардың бiрiн таңдау – жабық анкета, аты-жөнi көрсетiлуi 
қажет – 
атаулы анкета
, аты-жөнi көрсетiлмейтiн – бүркемелі 


33
(аноним) анкета, толық және қысқартылған, дайындаушы және 
бақылау, т. б. анкеталары. 
Сыныптың iшкi қатынастарын талдауға мүмкіндiк бере-
тiн
топтық жiктеу 
(дифференциациалау, социометрлiк) 
әдісі кең қолданылуда. Мысалы, оқушыға: «Кіммен бірге...» 
(саяхатқа шығар едің?) т.б. сұраққа жауап беру талап етіледі. 
Әр сұраққа үш «таңдау» беріледі. Балалардың анкетада бер-
ген жауабына қарап отырып, сол баланың өзінің беделі және 
оның қатынасқысы келген балалардың сыр-сипатын анықтауға 
болады, яғни сыныптағы әр баланың орны, рөлі және бе-
делі жөнінде ақпарат топталады. Сонымен, әртүрлі зерттеу 
әдістерiмен педагогтар тәрбие, оқу және бiлiм үдерісi қалай 
жүріп жатқанын талдайды, қолға түскен деректердi сарап-
тайды, алынған қортындыларды ғылыми бiлiмдер жүйесiне 
қосады. Жеке дара алынған қай әдіс те сенiмдi қорытындыға 
кепiл бола алмайды. Сондықтан әдістер өзара байланыста 
пайдаланылады. Педагогикалық теория және тәжірибе деңгейi 
мен қолдануға түскен зерттеу әдістерiнің арасында тығыз 
тәуелдi байланыс жүреді. 


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет