Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет31/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Табиғи сәйкест
(природосообразность) 
принципi
– адам 
табиғаттың ажырамас бөлiгi. Даму әр адамның тума, табиғи 
мүмкіндiктерiн арқау етiп, оларға сәйкес орындалып баруы 
тиiс. Тәрбие табиғи жағдаяттардан алшақ, жасанды жолмен 
iске асуы мүмкін емес.
Iс-әрекет 
(деятельность) – 1. Тiршiлiктің жалпылама сипа-
тын қамтыған қоғамдағы адам белсендiлiгi. 2. Адами тiршiлiктің 
формасы әрi тәсiлi.
Белсендiлiк
(активность) – iс-әрекеттің қарқынды әрi 
мүдделi орындалуынан болатын адам сапасы. Тұлға белсен-
дiлiгi – бұл дамудың алғышарты ғана емес, нәтижесi де.
Даму желiсiн нақтамалу 
(нақтама) – оқушының даму 
деңгейi, сапа қасиеттерiн айқындаудың ғылыми әдістемесi.
Тестiлеу
(тестирование) – тұлғалық сапаларды арнайы тап-
сырмалар жәрдемiмен зерттеу әдісi.
Адам дамуының негiзгi заңдылықтары мен жағдаят-
тары:
- Адам дамуы – iштей себеп-салдарлы үдеріс, яғни 
әрбiр тұлғаның жандүниелiк қайшылықтары мен психофи-
зиологиялық ерекшелiктерiне тәуелдi.
- Адам дамуы оның әлеуметтiк жағдаяттарымен тiкелей 
байланысты, яғни қалыптасудағы тұлғаның сапа-қасиеттерi 
қоршаған орта (қоғам жағдайлары, тәрбие ықпалдары) 
әсерлерiнен өзгерiске түсiп отырады.
- Адам дамуы - өзiндiк белсендiлiктің нәтижесi, яғни 
тұлғалық жетiлуге болған ниеттер мен iс-әрекетке,
қатынастарға араласуға болған ұмтылыстардан.
- Адам дамуы – жетекшi iс-әрекет қызмет типiне орай-
лас, яғни баланың нақты, белгiлi психикалық үдерiстер және 


38
психологиялық ерекшелiктердің туындап, өзгерiп баруына се-
бепкер болады.
- Әрқилы жағдаяттардың әсерi адамның жас және 
жыныстық, даралық ерекшелiктерiне байланысты.
- Адам дамуы көптеген жағдаяттардың (нәсiлдiк, орта, 
тәрбие, жеке белсендiлiк) бiрiге әсер етуiнің нәтижесiнде iске 
асып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет