76
есiн басқаруға және оқу мiндеттерiне нақты байланстыруға
икемсiздеу. Мұғалiмдер бұл кезеңде балалардың жаттау
барысындағы өзiндiк бақылауын, өзiндiк тексеру дағдыларын,
оқу еңбегiн парасатты ұйымдастыруға көп күш жұмсауы тиiс.
Кiшi жастағы оқушының бұл кезеңдегi тұлға болып
қалыптасуы жаңа ықпалдарға тәуелдi, бұлардың iшiнде аса
мәндiлерi – ересектермен (мұғалiмдермен), қатарларымен
(сыныптастарымен) жаңа байланыс-қатынастары, жаңа iс-
әрекет (оқу) және ортақтасу түрлері, үлкен ұжымдық жүйелерге
(жалпы мектептiк, сыныптық) енуi. Балада
әлеуметтiк сезiм
элементтерi
құрала бастайды,
қоғамдық мiнез
дағдылары
(ұжымдық сезiм, әрекеттерiне жауапкершiлiк, жолдастық,
достық, өзара жәрдем т.б.) бастау алады және орнығады. Кiшi
мектеп жасы тұлғаның адамгершiлiк сапаларының дамуы-
на үлкен мүмкіндiктер ашады. Бұған оқушылардың икемдiлiгi
және бiршама сенiмшiлдiгi, олардың нанғыштығы, елiктеуiштiгi,
ең бастысы – мұғалiм бойындағы үлкен бедел – себепкер.
Бастауыш мектеп тұлғаның әлеуметтену үдерiсiнде, адамгер-
шiлiк – азаматтық кемелденуiнде өте маңызды орын алады.
Оқушының сеп-түрткілер аймағының дамуы ақыл-ес дамуы-
на қарағанда бiршама кемiрек. Еркi толық қалыптаспаған, iс-
әрекет себептерiн (мотивтерiн) онша сезiне бермейдi. Жоғары
сезiмталдық, аса терең де күштi толғанысқа түсу басымдау,
осыдан бала өз қылықтарын ақыл сарабына сала алмай,
көптеген ойсыз қателiктерге жол бередi.
Гуманистiк тәрбиенің көп мәселелерi балалардың ұнамды
өзiндiк бағасына
байланысты келедi. Мұндай қасиеттің
қалыптасуына баланың отбасыдан мектепке өтуi үлкен әсерiн
тигiзедi. Мақтауы көп болған отбасы баланысының бағасы ендi
басқа балалармен салыстыра берiлетін мектеп оқушысының
нақты бағасы, әлбетте, сәйкес бола бермейдi. Екi жақты
ықпалды көтеру қиын, осыдан, бала қорғанып, бiр тарапқа
өтуге тырысады, көбiне бұл таңдау өзiндiк баға деңгейiн
төмендетуге соқтырады. Отбасы мен мектеп көзқарастары
алшақтауынан бала психикасы қосымша жүктемеге тап бо-
лады. Өзiндiк төмен баға – тереңнен берiлген iшкi жан
күйзелiстерiнен. Бұны дұрыс түсiнген
Достарыңызбен бөлісу: