86
суы, алдын ала көзделген мақсатқа бағытталып, оқушылардың
жоспарланған сапа-қасиеттердің қалыптасуы не өзгеруiн
қамтамасыз етушi педагогикалық iс-әрекеттер желiсi.
Педагогикалық үдерiстің басты ерекшелiгi
– тұтастық.
Педагогикалық нақтама
– педагогикалық үдеріс жүріп жа-
татын шарттар мен жағдайларды анықтауға бағышталған зерт-
теу әрекетi.
Педагогикалық үдеріс заңдылықтары
–
оқу-тәрбие
қызметiнің басты, тұрақты қайталанып барушы шынайы бай-
ланыстары: педүдерiстегi байланыс-қатынастар түрі,
өзара
тәуелдiлiктерi.
Педагогикалық үдерiстің негiзгi қызметтерi
(функции) – 1.
Бiлiм беру,
яғни оқу-танымдық және iс-әрекеттiк тәжiрибе мен
оларға бағыттаушы сеп-түрткілердi (мотивация) қалыптастыру,
ғылыми бiлiм негiздерi мен құндылықты бағыт-бағдар және
қатынастар игеру. 2.
Тәрбиелiк,
яғни нақты адам қасиеттерiн,
сапалары мен тұлғалық арақатынастар қалыптастыру, дамыту
және жетiлдiре түсу.
Достарыңызбен бөлісу: