Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет67/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ақыл-ес тәрбиес
оқушының зердесін, танымдық 
мүмкіндiктерiн, бейiмдiлiгi және дарынын тәрбиелеуге 
бағдарланған. Оның басты мiндетi – оқушыларды ғылым не-
гiздерiне байланысты бiлiмдер жүйесiмен қаруландырып
оларда дүниетаным бастауларын қалыптастыру. 
Дүниетаным
– бұл табиғат, қоғам, адами құндылықтар, еңбек, өмiр мәнi 
және танымға орайластырылған көзқарастар жүйесi. Қаланған 
дүниетаным әр оқушыға қоғам және табиғат өмiрi құбылыстарын 
тереңнен түсiнуге, бұл құбылыстарды саналы деректеп, оған 
болған өз қатынасын қалыптастыруға, яғни өз өмiрiн саналы 
құрып, еңбек етуге және игерген бiлiмдерiн iскерлiкпен табиғи 
байланысқа келтiруге негiз салуы тиiс. 
Саналы игерiлген бiлiмдер жүйесi парасатты ойлау, ес, зейiн, 
қиял, ақыл қабiлеттерiнің дамуына ықпал жасап, бейiмдiлiк-
терi мен дарынына жол ашады. Ақыл тәрбиесiнің мiндеттерi 
төмендегiдей: 
– ғылыми бiлiмдердің белгiленген көлемiн игеру;
– дүниетаным қалыптастыру;
– ақыл қуат қабiлеттерi мен дарынын өрiстету;
танымдық қызығуларды ояту;
– тұлғаның табиғаттан берiлген мүмкіндiктерiн ашып, 
дамыту;


97
– танымдық белсендiлiк қалыптастыру;
– ұдайы өз бiлiмдерiн толықтырып бару және жалпы бiлiмдiк 
дайындық деңгейiн жетiлдiру қажеттiктерiн дамыту;
– оқушыларды танымдық iс-әрекет әдістерiмен қарулан-
дыру;
– ойлау тәсiлдерi мен шығармашылық қызмет тәжiрибесiн 
қалыптастыру.
Мектептің аса маңызы мiндеттерiнің бiрi болған ақыл 
тәрбиесiнің қажеттiгi ешбiр күмән келтiрмейдi, бiрақ оның 
мазмұны жеке тұлға дамытуға бағдарланбай, бұрынғыша 
– қалыптасқан желiмен бiлiм, ептiлiк және дағдылар тобын 
игерудi ғана көздейдi. Бiлiмдендiру аймағында кей уақыттары 
оның аса маңызды болған бiрлiктерi - әрқилы форма және 
түрдегi iс-әрекеттер және қоршаған дүниеге болған көңіл-күй 
– құндылықты қарым-қатынастар тәжiрибесi, т.б. еленбей 
қалды. Нәтижеде бiлiм гармониясы ғана жойылып қалмастан, 
сонымен бiрге мектептің өзiнің де бiлiмдiк деңгейi төмендейдi. 
Алдыңғы қоғам қайраткерлерi, дүниедегi барша елдердің 
ғалымдары, соның iшiнде бiздің де зиялыларымыз бiлiмдi 
идеологияға бағындыру әрекеттерiне, жастарды идеологиялық 
күресте субъективизмге жетелейтiн тарих, әдебиет бойынша 
бiлiмдердің шынайы мазмұнын бұрмалап беруге қарсылық 
бiлдiруде. Педагогтардың көпшiлiгi ауыспалы өмiр өзгерiстерiн 
ескерумен бiлiм бағыттарын өмір шындығы негізінде ұдайы 
жаңалап баруды талап етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет