И. Песталоцци,
швейцар педагог-демократы, тәрбиенің
түбегейлi мақсаты – табиғаттан берiлген адам қабiлеттерiн
және дарынын дамыту, оларды ұдайы жетiлдiрiп бару және
сонымен “адам күштерi мен қабiлеттерiнің үйлесiмдi дамуын”
қамтамасыз ету.
Тәрбиеге немiс философы
И. Кант
үлкен сенiм артып,
оның мақсаты – баланы ертеңгi күнге дайындау деп бiлген:
“Балаларды бүгiнгi күнге емес, болашаққа, мүмкін болар,
адамзат қауымының шуақты күндерi үшiн тәрбиелеу қажет”.
Кант iзбасары немiс педагогы
Ф.Рейн
бұл мақсатты нақтылай
келiп: “Тәрбиешi өз әлпешiндегi баладан шынайы жақсы адам,
татымды болғанның бәрiн зейінiмен қабылдап, өз халқы үшiн
пайда келтiре алатын, ақкөңіл де адал, дiни сенiмi мол нағыз
азамат қалыптастыруы мiндеттi”- деген.
Немiс педагогы
И. Гербарт
тәрбиенің мақсаты –
адамның жан-жақты қалыптасуына бағытталған көп тарап-
ты қызығуларын дамыту, – деп бiлдi. Тәрбие мұраты (идеал)
- қайырымды адам. Осы мақсатты мәңгі де бұлжымайтын
сипатта бағалай отырып, Гербарт қалыптасқан қатынастарға
икемшiл, белгiленген құқықтық тәртiптi сыйлайтын адамдарды
тәрбиелеудi көзде ұстады.
Қазақтың ұлы ғұлама-ағартушысы
А.Байтұрсынұлы
жеке
адамды тәрбиелеу мақсатын қоғамдық мұраттармен бай-
ланыстыруды дәрiптеген: “Жастардың оқу-тәрбие жұмысы
түзелмей, жүрт iсi түзелмейдi … Ай мен күндей, әмбеге бiрдей
бiлiм – көп ортасындағы мүлiк, онан сыбаға ала алғандар алып
жатыр, ала алмағандар, құр қалып жатыр…”.
Орыс социал-демократтары тәрбие мақсаттары жөнiнде
өз пайымдарын әлемге паш еттi. Бұлардың арасында ХIХ
ғасырдың 40-жылдары
В. Г. Белинский
басыбайлылық және
патша құрылымымен күрескерлердi тәрбиелеу жөнiнде жаз-
ды.
А. И. Герцен
тәрбиенің мақсаты – еркiн, iскер, инабатты,
жан-жақты дамыған, қоғамдық қатыгездiкпен күреске дайын
тұлғаны дайындау деп түсiнген.
Достарыңызбен бөлісу: |