Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет65/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ф.Рабле
М.Монтень 
жан-жақты даму мазмұнына тән сұлулығын да 
қосып, оны өнер, музыка, әдебиет туындыларынан ләззат алу 
деп бiлген. Мұндай тәрбие тек қана таңдаулылардың қалауы 
болмай, кең қауым арасында да жүргізілуі тиiс деп есептеген. 
Социалист – утопистердің (Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, К.Сен-
Симон, Ш.Фурье) педагогикалық көзқарастарында жан-жақты 
үйлесiмдi даму идеясы басқаша бағыт алды. Олар өндiрiс 


93
құралдарына жекеменшiктен құтылу жағдайларындағы тұлға 
қалыптастыру мұраттарын алға тартты, ең алғашқылардың 
бiрi болып жан-жақты даму үдерісiне еңбектi қосып, тәрбиенi 
сол еңбекке негiздедi. ХVIII ғасырдағы француз ағартушылары 
К.Гельвеций, Д.Дидро
бұл идеяны жалғастыра түсiп, жан-жақты 
даму түсiнiгiне ақыл және адамгершiлiк жетiлдiру ұғымдарын 
қосты. 
Орыс 
революционер-демократтары 
А.И.Герцен, 
В.Г.Белинский және Н.Г.Чернышевский халықты жан-жақты 
тәрбиелеу мәселесі тек қана революциямен, экономикалық 
және саяси езу жойылғаннан соң ғана толығымен шешiлуi 
мүмкін деген тоқтам айтты. Жан-жақты үйлесiмдi дамыған 
тұлғаны қалыптастыру идеясы жалпы тәрбие мақсаты ретiнде 
дүниедегi ең бiрiншi социалистiк мемлекеттің (ССРО) –мемле-
кеттiк саясаты ретiнде жарияланды. Осы мемлекеттің барша 
тарихында мақсат бiрде тайқыған жоқ. Бұл мақсаттан қазiргi 
күнде бiзде қашпаймыз, дегенмен, шынайы себептерге орай, 
оны бiршама тарылтып, нақты орындалуы мүмкін аумақта 
нақтылаймыз. 
Сонымен, 
жетiлген, жан-жақты және үйлесiмдi дамыған 
адам – тәрбиенің ең жоғары мұраты. 
Бұл мақсат адамзаттың 
ең алдағы даналарының ойынан туындаған. Олардың адамға 
және тәрбиенің жойқын қуатына деген сенiмiнен пайда болған. 
Әлбетте, бұл өте алыстағы да, жоғары да мақсат. Осы мақсаттың 
социалистiк қоғамда да, басқа да әлеуметтiк дүниеде толық 
көлемде орындалмағанын ескерiп, одан бас тарту керектiгiн 
немесе, тым болмаса, оны қарапайымдастырып, тарылту 
қажеттiгiн айтады. Ал ендi осы ұлы мұрат – мақсатқа балама 
болатындай не бар? 
Мектептің өткен жолы – айнадағыдай ел тарихын айнытпай 
бейнелейдi. Бұл жолда үлкен табыстар да, орасан жеңiлiстер 
де мол болды. 80-шi жылдардың ортасындағы мектеп 
жағдайы бiр партиялы әкiмшiл-әмiршiл жүйемен құрылған 
қоғамның дағдарыс қалпына тура келдi. Кейiн бұл күйзелiстің 
басты себебiн мектептi қоғам мүддесiне байлап, тұлғаның 
өз қажеттерiнің дамуына зиян келтiрген социализмнің
маркстiк-лениндiк тұжырымдарының бұрмалануынан деген 
пiкiр орнықты. 1985 жылдың сәуiр айынан басталған қоғамдағы 
қайта құрулар бұл қарама-қарсылықтың бетiн ашты, тәрбиенің 
бiр тараптылығының қажетсiздiгiн көрсетiп, оқу-тәрбие үдерісін 


94
адамға, оның толыққанды дамуы мен жеке жоспарлары және 
өмiрлiк ниеттерiнің iске асуына жағдайлар түзудi талап еттi. 
Бiрақ кеш болды. Қайшылықтардың күрделенгенi соншама, 
дағдарыс өте тереңге құлдилады. Нәтижеде, қоғам дамуының 
iргетасын жаңадан қайта қалап, сонымен бiрге тәрбиелiк 
тұжырымдарды да түбегейлi жаңалау басталды. Бүгiнгi 
таңда белгiленген демократиялық өзгерiстердi iске асыру, ең 
алдымен, осы тәрбиеге байланысты болып отыр. 
Мемлекеттің бюрократтық мекемесiне айналған мектептің 
ең үлкен кемшiлiгi – жалпы орташа теңдестiруге тап қылған 
тәрбиенің бiр сипаттылығы (унификация) едi. Бiрдейлiк пен 
бiр ой құрсауында болудан оқу орындары, мұғалiмдерi мен 
оқушылары өзiндiк даму, өзiндiк айқындалу және өзiндiк жетi-
лу мүмкіндiктерiнен айырылды. Алғашқыда мұрат болған 
ұлы мақсат тарылып, өз мән-мағынасынан ажырады. Осының 
салдарынан балалар мектептен, мұғалiмнен жерiп, оқу мен 
тәрбиенің сапасы кемiдi, қанағаттанбаушылық арта түстi. Ендi 
тәрбиелiлiк пен бiлiмдiлiктің де бағасы кеттi, қоғамның ақыл-
ес және инабаттық-рухани дағдарысы белең алды. Әміршіл-
әкімшіл педагогика өз жемiсiн “тойлады”. Шынайы алға қарай 
қозғалысты ұрандата, оза жортумен ауыстырып, саясат мек-
теп алдына қоғамдық дамудың осы кезегiнде орындалуы 
мүмкін болмаған мақсаттарды (жаппай орта бiлiмдiк оқу, 6 
жастағылардың оқуы т.т.), немесе жалпы орта бiлiм берушi мек-
тепке тән болмаған қызметтердi (оқушыларды жаппай кәсiптiк 
дайындықтан өткiзу), яғни ауқымы қоғам мүмкіндiктерiне сый-
майтын, ойсыз, саналы қабылданбаған мақсаттарды белгiледi. 
Барлық аймақтарда ендiрiлуi көзделген бұл мақсаттар ғылыми 
тұрғыдан да, қажеттi қаржылық, мамандар және басқа да 
қажеттiлiктермен қамтамасыз етiлмедi. 
Тәрбие мақсаттарын орындауда, яғни жан-жақты және 
үйлесiмдi дамыған тұлғаны қалыптастыруда – кезiккен 
қиыншылықтар мен қателiктер жалпы бiлiм берушi мектептің 
мiндеттерiн бiршама тарылтып, оларды қайта қарастыру және 
нақтылауды талап еттi, бiрақ мақсаттың өзiн ауыстыруға бара 
алмады. Жан-жақты және үйлесiмдi тәрбие орнына ақылға сай 
балама табылмады. Ол бұрынғыдай мұрат күйiнде сақталады, 
жiберiлген қателiктердi ескерумен бүгiнгi жаңа мектеп осы 


95
мұратқа жету жолында өз қызметiн жаңадан бастайды. Бұл үшiн 
тек саналы ұйым мен бүкiл қоғамның қолдауы ғана қажет. 
Қазіргі заман мектебiндегi мақсаттар сипатының ауысуы 
ең алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет