Платон – ақыл, ерiк және сезiм
тәрбиелеудi басты назарына алған.
Аристотель болса: ерлiк
пен шыдамдылық, қанағатшылдық пен әдiлдiк, жоғары пара-
сатты және моральдық тазалық тәрбиесiн дәрiптеген.
Я.А. Коменский – тәрбиенің күшiне шексiз сенген, өзiнің
“Аналық мектебi” шығармасына эпиграф етiп, Цицеронның
келесi сөздерiн алған: “Бүкiл мемлекеттің негiзi – жастардың
дұрыс тәрбиесiнен”. Ұлы ғұламаның пiкiрi бойынша әрқандай
тәрбие үш мақсатқа орай белгiленуi тиiс. Олар – өзiн және
қоршаған дүниенi тану (ақыл тәрбиесi), өзiн- өзi басқара бiлу
(инабаттық тәрбиесi) және Аллаға ұмтылыс (дiни тәрбие).
Ағылшын философы және педагогы
Дж. Локк пайымдауынша,
тәрбиенің басты мақсаты - өз iстерiн “даналық және парасат-
пен жүргізе алатын” адам – джентельмен. Бұл джентельмен,
сонымен бiрге, iскер де ынталы, өте ақылды және тәжірибелік
бiлiмдермен қаныққан азамат деңгейiнде тәрбиеленуi қажет.
Француз материалистi
К.Гельвеций тәрбие негiзiне “бiртұтас
мақсат” алынғаны дұрыс деп бiлдi. Бұл мақсат қоғам игiлiгiне,
яғни қауымның көптеген мүшелерiнің – азаматтардың бақыты
мен жоғары қанағатына бағытталуы тиiс. Ал тәрбиешiнің мiн-
детi – “сол азаматтардың жүрегiн iзгiлiкке, ал олардың ақылын
шындыққа бұра, ашып, нәтижеде – оларды парасатты да
сезiмтал адам сипатында тәрбиелеу. Сонымен, елжандылар
қалыптастыру, азаматтар санасында жеке бас жақсылығы мен
бүкiл ұлт игiлiгiн мықтап бiрiктiру.
Ж.Ж. Руссо тәрбие мақсаттарын жалпы адамзаттық
құндылықтар тұрғысынан пайдалану қажеттiгiн баса айтқан.
Адам дүниеге әлсiз әрi қорғансыз келетiндiктен оған тәрбие
қажет. Осыдан тәрбиенің мiндетi – адамды жасау. “Мен өз
тәрбиемдегi баланы, өмiр сүру кәсiбiне үйреткiм келедi; менің
қолымнан шыққан бала – сот та, сарбаз да, молда да болмайды:
ол ең алдымен адам болады. Адам қандай болуы қажет болса,
91
ол сол дәрежеге көтерiле алады, қажет болған жағдайда, …
қаншама тағдыр-тәлкегiне түссе де, ол барлық уақытта өзiнің
адамгершiлiк деңгейiнен жарқырап көрiне бередi”.