100
адамның қоғамға, еңбекке, басқа адамдарға бағытталып, тари-
хи қалыптасқан шарттары және ережелерi. Адамгершiлiк –
бұл
жеке тұлғаның жандүниесiн танытушы, оның iшкi қасиет-
сапаларын белгiлейтiн өз әрекет-қылығына жетекшi сана-
сезiмi.
Адамгершiлiк тәрбиесi қоғамдық талаптарға сай ке-
летiн iзгiлiк-инабаттылыққа орай түсiнiктер, пiкiрлер, сезiм мен
сенiмдер, мiнез-құлық дағдылары мен әдеттерiне байланысты
мiндеттердi шешедi.
Адамгершiлiк түсiнiктерi мен ұғымдары iзгiлiктi құбылыстар
мәнiн бейнелеп, ненің жақсы, ненің жаман, ненің әдiл, ненің
қиянат екенiн түсiнуге жәрдем бередi. Адамгершiлiк түсiнiктерi
мен ұғымдары сенiм-нанымға өтiп, тұлға әрекеттерi мен
қылықтарында көрiнедi. Адамгершiлiк сезiм – бұл әрбiр
адамның инабаттылық құбылыстарына болған жеке өз
толғаныстары. Олар адам мiнезiнің қоғамдық мораль талапта-
рына сәйкестiгi немесе сәйкес болмауымен байланысты. Сезiм
адамды қиыншылықтарды жеңуге бағыттап, дүниенi тануға
ынталандырады. Жас әулеттi адамгершiлiкке тәрбиелеудің
негiзiнде қоғамның тарихи даму үдерісiне орай адамдар
қалыптастырған дәстүрлi жалпы адамзаттық құндылықтар,
бұлжымас моральдық талаптар және олармен қатар қоғамның
жаңаланған дәуiрiнде пайда болған соң, принциптер және ере-
желер бiрге жасап келедi. Адамгершiлiктің бұлжымас сапалары
– адалдық, әдiлдiк, борыш, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк, намыс,
ар, бедел, гуманизм, риясыздық, еңбеккерлік, үлкенге құрмет.
Қоғамның қазiргi дамуына байланысты пайда болған адамгер-
шiлiк сапаларының арасында мемлекетке, өкiмет органдары-
на, мемлекеттiк рәмiздерге, Ата заңына құрмет, еңбекке адал
қатынас, ұлтжандылық, Отанды сүю, тәртiптiлiк, азаматтық
борыш, өзiндiк талап, елде болып жатқан оқиғаларға селқос
болмау, әлеуметтiк белсендiлiк пен қайырымдылықты атап
көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: