Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет69/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Политехникалық бiлiм
барлық өндiрiстердің негiзгi при-
нциптерi мен осы заманғы өндiрiстiк үдерiстер және қатынастар 
жөнiндегi бiлiмдердi игеруге бағдарланған. Оның басты мiндет-
терi - өндiрiстiк iс-әрекетке қызықтыру, техникалық қабiлеттердi 
дамыту, жаңа экономикалық ойлауға, тапқырлыққа, кәсiпкерлiк 
бастауларына үйрету. Дұрыс ұйымдастырылған политехникалық 
бiлiм еңбек сүйгіштiк, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк дамытып, са-
налы кәсiп таңдауға дайындайды. Адамға жалпы, көрiнген 


99
жұмыс ұтымды ықпал жасай бермейдi, әдетте, ол қызмет 
материалдық құндылықтар жасауға бағышталған өндiрiстiк
еңбек сипатында болуы тиiс. Мұндай еңбектің ерекше бел-
гiлерi: материалдық нәтиже, белгiлi ұйымдасқандығы, бар-
ша қоғамдағы еңбек қатынастары жүйесiне қатысты болуы, 
материалдық марапатты болуы.
Әлбетте, мектептегi өндiрiстiк еңбектi ұйымдастыру көптеген 
қиыншылықтармен байланысты, бұл қиыншылықтар жаңа 
шаруашылық жағдайларына өтумен бәсеңдемедi, керiсiнше 
– асқынып кеттi. Мектепте әлi күнге дейiн майда пайдакүнемдiк 
оқу-өндiрiстiк еңбек басым келедi. Кейде бұл мектеп оқуының 
формальды “жамауы” ретiнде көрiнiп, жалпы бiлiмнің жасан-
ды кәсiп беру құралы ғана болып отыр. Мұндай еңбектің тұлға 
тәрбиелеу мақсатымен, осы заманғы өндiрiстің болашақ 
бағыттарымен – оқушылардың қажеттерi, қызығулары және та-
лаптарымен байланысы жоқтың қасы. Осыдан еңбекке үйрету, 
тәрбиелеу өз мәнiн жояды. Мектептегi “еңбек дайындығы” бұл 
күнде анық та ашық дағдарысқа ұшырауда. 
Жаңа қоғамдық және өндiрiстiк жағдайлар еңбек тәрбиесi 
мiндеттерiн тиiмдi шешу қажеттiгiн талап етiп отыр. Мек-
тептегi еңбек, сонымен бiрге танымдық еңбегi тұлғалық 
және әлеуметтiк бағытта, оқушылардың жас және психо-
физиологиялық ерекшелiктерiн ескерумен саналы көзделген, 
мәндi және жан-жақты пайдалы iс-әрекет түрінде көрiнуi қажет. 
Мектептегi еңбектің мақсаты мен сипатын қайта қарастырудан 
тәрбие тәжірибесінде жаңа, қалыптан тыс бағыттар пай-
да болды: 1) оқушылардың сабақтағы өндiрiстiк және оқу 
еңбегiнен толығымен бас тарту; 2) нарықтық экономика 
қатынастары заңдарына толық негiзделген мектептің дербес 
өндiрiс мекемелерiн ұйымдастыру. Осыдан мектепте еңбек 
тәрбиесiнің жаңа технологиясы түзiлдi, еңбектiк бiлiмдер мен 
ептiлiктер мазмұнына қарай жiктелетiн болды, оқу мекемесiнің 
материалдық қоры жақсарып, жаңа оқу бағдарламалары ен-
гiзiле бастады. Әлбетте, бастауыш мектеп балаларға еңбектiк 
iс-әрекеттердің бастауларын ғана бередi, бiрақ осының өзi де 
шынайы, нағыз еңбек тәрбиесiмен ұштасқаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет